Кеше облыс әкімі Сергей Дьяченко өңірдегі басты білім ордасы - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде болып, осы жоғары оқу орнында қазақ халқының ұлы перзенті, ағартушы ғалым, саяхатшы этнограф, даңқты жерлесіміз Шоқан Уәлихановтың мұражайы мен конференц-залдың ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі.Облыс әкімі С.А.Дьяченко университет факультеттері мен деканаттары орналасқан кабинеттерді аралап, ұстаздар ұжымымен танысып, арнайы ұйымдастырыл-ған көрмелерді тамашалады. Университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Найман Қалабаевпен бірге мұражайдың көгілдір лентасын қиып, экспонаттармен танысты. «Шоқан мұрасы», «Шоқан бейнелеу өнерінің шебері», «Шоқан достары», «Кадеттік жылдар», «Университеттің беделді тұлғалары» атты стендтерге зейін қойып, ұлы ғалымның өмірімен және оқу орнының тарихымен танысқан облыс әкімі конференц-залға бет бұрды.
Жаңадан ашылған конференц-залда университеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттерімен, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жүздескен облыс басшысы оқу орнының жастарға білім берудегі қол жеткен жетістіктерін атап көрсетіп, оң бағасын берді. Сондай-ақ, университет аумағында субұрқақ пен гүлзарлардың болуына қол ұшын созатындығын мәлімдеп, 45 мамандық бойынша жас мамандар даярлап келе жат-қан жоғары оқу орнының республика бойынша да мәртебесінің жоғары екендігін тілге тиек етті.
Өз кезегінде сөз алған университет ректоры Найман Қалабаев келесі жылы күзде облыстағы жоғары білім берудің қара шаңырағына 50 жыл толатындығын ерекше ауызға алды. Осыған орай, университеттің инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында бассейн, қосымша жатақханалар салынатындығын жеткізді. - Бұған қоса, университет алаңындағы асфальт бедер тасқа алмастырылып, экономика факультетінің ғимараты күрделі жөндеуден өтпекші. Биыл-ғы оқу жылында студенттерге арнап ақысыз «WiFi» интернет желісін, қоғамдық тамақтандыру орталығы мен биология мұража-йын аштық», - деді ректор. Найман Бөбейұлы өз сөзінің соңында 5-7 маусым аралығында өздерінде өткен қала мектептері түлектерінің ұлттық бірыңғай тестілеуінің қорытындыларына да тоқталып өтті. Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Күнсұлу Бекіш 124 балл алып, ең жоғары нәтижеге ие болғандығы, екі күнге созылған тестілеуде 42 оқушының өз алтын белгілерін қорғай алғандықтары да айтарлықтай қуаныш. Ең бастысы, Шоқандай ғұламамызға мұражай ашып, елдің, облыс әкімінің ризашылығына бөленген байырғы оқу орны алдағы уақытта да осы жетіс-тіктерін еселей түсіп, 50 жылдық мерейтойын бұдан да жоғары табыстармен қарсы алатындығына сенім мол.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі