2011 жылдың 10 маусымында, Көкшетауда облыстық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясы болып өтті. Сессияны оның төрағасы, депутат С.А.Авдеюк ашып жүргізіп отырды.
Сессияның күн тәртібіне шығарылған басты мәселе – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауына сәйкес облыстағы тұрғын үй коммуналдық саланың жағдайы және оны жақсартудың міндеттері, мал шаруашылығын дамыту, бюджетті нақтылау туралы мәселелер қаралды.
Облыстағы тұрғын үй коммуналдық саланың жағдайы және оны жақсартудың міндеттер туралы облыс әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов баяндама жасады.
Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Сергей Дьяченко сөз сөйлеп ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңында алда тұрған негізгі әрі басты міндеттерге тоқталды.
Өз сөзінде ол сессияда қаралған мәселелер өте маңызды екенін атап өтті. Қазіргі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңаландырып қайта құрылымдау және алдағы жылу маусымына жан-жақты дайындықпен келу біздер үшін өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді, деді өңір басшысы. Бұған Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жақында Астана қаласында өткен алқалы жиында да ерекше назар аударды.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңаландырудың жаңа бағдарламасы жасалып, қабылданды.
Осы іс-шаралар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметін жақсарту мәселесі бүгін де талқыға түсіп отыр. Бұл облыс әкімдігінен бастап пәтер иелеріне дейінгі осы іске қатысатын әрбір нысанның тиімді жұмысына байланысты болады. Әрине, ең басты жүктеме коммуналдық салада қызмет көрсететін өңірлер мен кәсіпорындарға жүктеледі.
Бюджетті нақтылау мәселесіне келсек, ағымдағы нақтылауға 6,9 миллиард теңгенің 194 тапсырысы келіп түсті. Салыстыру үшін облыстық бюджеттен нысандар құрылысы мен қайта құрылымдау, бюджеттік сала мекемелерін күрделі жөндеу, материалдық базасын нығайту, жобалау-сметалық құжаттама жасауға бағытталған қаржы көлемі 7,6 миллиард теңгенің құрады. Барлық тапсырыстардың осы сомалардағы үлесі 90,8 пайыз болды.
Әрине, өздеріңіз көріп отырғандай, барлық тапсырыстарды қанағаттандыру үшін қаржының жетіспеушілігі бар, сондықтан, бюджет ең алдымен басым және бірінші кезектегі мәселелерді шешуге бағытталатын болады.
Облысымызда бұл бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыру үшін «Ақмола облысында 2011-2015 жылдары етті мал шаруашылығын дамытудың бағдарламасы», «Ақмола облысында 2011-2013 жылдары саяжай, бау-бақша шаруашылықтарын дамытудың бағдарламасы» жасалды.
2011-2015 жылдарға Ақмола облысының еттік бағыттағы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы 7 жаңа бордақылау алаңын және Аршалы, Атбасар, Бұланды, Ерейментау, Жар-қайың және Жақсы аудандарында 10 асыл тұқымды репродуктордың қосымша құрылысын қарастырады.
Сөзінің қорытындысында Сергей Дьяченко Елбасымыздың осы маңызды тапсырмаларын жүзеге асыру біздің тарапымыздан да жіті бақыланатын болады деді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі