Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко 22-ші маусым күні Көкшетау қалалық әкімдігінде актив кеңесін өткізіп, облыс орталығын бүгінгі күннің талабына сай өркендетіп, көркейту мен гүлдендірудің және кезек күттірмей шешілуге тиісті өзекті мәселелер жайында сөз сөйледі.
Сергей Дьяченконың Көкшетау қалалық актив кеңесінде сөйлеген сөзінде кешегі Қазақстанның көрікті қалаларының бірі болған Көкшетау қаласын дамыту біздің баршамызға керек деді.
Өзінің көлемді баяндамасында ол қала басшыларының алдына бірқатар міндеттер қойды. Оның ішінде қаланың барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік саладағы нысандарын 2011-2012 жылғы жылу беру маусымына тың-ғылықты дайындау, облыс орталығын көріктендіру, абаттандыру бағытындағы шараларды жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау жайы, сумен жабдықтау және қалдық суларды ағызып жіберу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын уақытында және сапалы жүргізу болып табылады.
Маңызды мәселе – қаланы газбен қамтамасыз ету жайы. 218 газголдердің 36-сы немесе 7 пайызы ғана жұмыс істейді, Қала көшелеріндегі жолдарды жөндеу жайы. Соңғы бірнеше жыл бойы облыс бюджетінен осы мақсатқа жыл сайын 1 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп келеді. Биылғы жылы М.Горький көшесі мен Абылай хан даңғылына жөндеу жұмыстары жасалып жатыр.
Маңызды мәселе – тұрғын үй құрылысы. Облыс орталығында бұл мәселе өзекті күйінде тұр.
Қаладағы барлық нысандар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында іске қосу көзделген құрылыстар сапасын да ұдайы бақылауда ұстаған жөн.
Әлеуметтік саланы дамыту. Демографиялық үрдіс және балалардың бала бақшаға деген едәуір кезектігі қалыптасып отырғанын ескеріп, мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың жоспарларын орындауды қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселе ұдайы бақылауда ұсталады.
Аталған мәселелердің барлығы бақылауға алынып, әрбір белгіленген тапсырманың толық орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Біз көптің күшімен Көкшетау қаласын Қазақстан қалаларының ішіндегі ең тартымды қалалардың біріне айналдыруымыз қажет деді сөзінің соңында өңір басшысы, .
Облыс әкімінің баспасөз қызметі