Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында Көкшетау техникалық инс-титутының түлектеріне диплом тапсыру салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, өртке қарсы күрес қызметінің жас мамандарына сәт сапар тіледі. Салтанатты шарада Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагерлер кеңесінің төр-ағасы Қыдырәлі Тоқсарин өздерінің ізін басқан жастарға жылы лебізін білдірді.
Бүгінгі таңда Көкшетау техникалық институты Қазақстандағы өрт қауіпсіздігі саласында білікті маман-кадрлық офицерлер даярлайтын жалғыз арнайы оқу орны. Бұл мекеме қазіргі уақытқа дейін 2,5 мыңнан астам жоғары кәсіби мамандығы бар офицерлерді дайындады. Олардың бәрі еліміздің түкпір- түкпірінде өрт сөндіру қызметін атқаруда. Ал, биылғы диплом алғалы тұрған 79 жас өрт сөндірушілердің 75-і жергілікті Көкшетау техникалық институтының түлектері болса, 4-уі Ресей төтенше жағдай министрі мемлекеттік өртке қарсы академия-сын тәмамдаған жас офицерлер. Олардың ішінде оқу үздігі де бар.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған Көкшетау техникалық институтының биылғы 13-ші түлектерін шығарып салу салтанатына арнайы келген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко өз кезегінде Көкшетау техникалық институтының түлектерін құттықтаса, облыс әкімі Сергей Дьяченко, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Тоқсарин, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыс-тық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Шойкин болашақ өрт сөндірушілерге деген жүрекжарды лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, шара барысында түлектердің арасындағы оқу үздігі, өртке қарсы қызмет лейтенанты Қайрат Ғабдуллин ұстаздарына әріптестері атынан үлкен алғысын айтып, еліне адал қызмет атқаратындығына сендірді. Салтанатты шараның соңы жас өрт сөндіруші-лердің әскери шеруімен сап түзеп өтуімен аяқталды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі