Бүгін облыс әкімі Сергей Дьяченко Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және қазақтың атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Құлагер–2011» ХІ облыстық спартакиадасының салтанатты ашылуына қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селосындағы «Құлагер» атшабарында ашылған бұл спартакиадаға облыстың барлық аудандарынан, Көкшетау мен Степногорск қалаларынан спортшылар қатысуда. Биылғы спартакиада бағдарламасына ұлттық және халықтық спорт түрлері – қазақ күресі, тоғызқұмалақ, ат бәйгесі, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату, армрестлинг, спорттық лапта, гир көтеру және городки спорты енгізіліп отыр.
Кеше күні бойы іріктеу бәсекелері болып өтті. Осы сыннан сүрінбей өткендер бүгін сағат 10.00-ден бастап ақтық сайыс-тарға қатысады. Ал, спартакиаданың салтанатты жабылуы және спортшыларды марапаттау атшабарда сағат 16.00-де болмақшы. Кәне, білек сыбанып, түрлі сайысқа қатысатын жерлестерімізге сәт сапар тілейік. Қазақ елінің айтулы мерекесіне орай өткізіліп отырған спартакиада әр спортшыға мол олжа салсын!
Облыс әкімінің баспасөз қызметі