Кеше Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы және жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық басшыларының өткен кезеңде атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Кеңес жұмысын бастамас бұрын облыс әкімі Сергей Дьяченко Жабал Ерғалиев жетекшілік ететін облыстық «Арқа ажары» газетінің редакциясын өңірдің қоғамдық-саяси өмірі мен әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін терең ашып көрсеткендері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Грантын жеңіп алуымен шын жүректен құттықтап, жаңа табыстар тіледі. Облыс активіне жаңадан тағайындалған кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы басқармаларының бастықтары Н.П.Зо-зуля мен Е.Б.Баяхметовты таныстырып өтті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қ.Қ.Тәшіметовтің хабарлағанындай, өңірде 2011-2015 жылдар-ға арналған Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Баяндамашы облыста халықтың, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын қорғау үшін қандай шаралар қабылданып жатқандығына егжей-тегжейлі тоқталып өтті.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеу қызметі Комитетінің Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының директоры К.Ж.Қалманбаевтың есебін-де құрылтай құжаттарына сәйкес орталықтың негізгі қызмет түрлеріне ғимараттарды, қондырғылар мен жылжымайтын мүліктің тұрған орны бойынша олардың құрамдас бөліктерін бастапқы және одан кейінгі зерттеу, яғни, техникалық түгендеу мен есеп, сондай-ақ, жылжымайтын мүліктің бастапқы және екінші нысандарына кадастрлық нөмірлер беру, жылжымайтын мүлік нысандарына техникалық құжаттамалар дайындау, тағы сол сияқты жұмыстар жатады.
Бұған қоса, Орталық келісім-шарт негізінде жылжымайтын мүлік нысандарының нарықтық құнын анықтау жөнінде де қызмет түрлерін көрсетеді. Орталықта 6 қызметтік және 4 өндірістік бөлімдер бар. Орталық сондай-ақ, облыстың аудан орталықтарында орналасқан 18 филиалдан тұрады. Қызметтер тікелей орталықтың өзінде, филиалдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетіледі.
2011 жылдың бірінші жартыжылдығында орталық жалпы сомасы 78600,9 мың теңгені (қосымша салық құнынсыз) құрайтын 177475 қызмет түрін көрсетті. Орташа айлық қызмет көлемі 13100,2 мың теңгеден айналды. Бірінші жартыжылдықта көрсетілген қызмет түрлерінің жалпы көлемі 78600,9 мың теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 18479 мың теңгеге артты, ал, көрсетілген қызмет құны 21420,7 мың теңгеге кеми түсті.
Барлық қаралған мәселелер бойынша облыс әкімі Сергей Дьяченко нақты тапсырмалар берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.