Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!» атты индустриалдық-инновациялық форумда алға қойған міндеттерін жүзеге асыру жөнінде Көкшетауда кәсіпкерлер келелі кеңес өткізді. Бұл шараны облыс әкімі Сергей Дьяченко жүргізіп, баяндама жасады.Астана күні қарсаңында өткен республикалық бұл форумда Елбасы бүкіл қазақстандықтардың алдына жаңа міндеттер қойды, жаңа бағыттарды білгіледі. Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша бұл міндеттердің біразы бізде қазір жүзеге асырыла да бастады. Бүгін сол міндеттерді орындау аралығындағы ісімізді қайра бір пысықтап алуға жиналып отырмыз,-деді облыс әкімі С.А.Дьяченко форумда ашар сөзінде.
Бұл форумға аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық атқарушы және құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлес-тіктердің басшылары, бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
Ақмола облысы бойынша индустриалдық-инновациялық бағдарлама ойдағыдай жүзеге асырылып келеді,-деп атап көрсетті бұдан әрі облыс әкімі өз баяндамасында (баяндаманың толық мәтіні газетіміздің келесі санында жарияланатын болады).-Мұның алғашқы нәтижелері де жаман емес.
Биылғы жылдың екінші жарты жылдығында индустрияландыру картасы бойынша жалпы құны 12 миллиард теңгеден асып түсетін 11 нысан пайдалануға беріледі. Тұтастай биылғы жылы 18 миллиард теңгеден астам 16 жоба іске асырылмақшы. Алдағы уақытқа да белгілеп отырған жобалар бар. Мысалы, Ақкөл, Астрахан, Сандықтау аудандарында құс фабрикасын салу көзделген.
Елбасының алға қойып отырған міндеттерін орындау біздің әрқайсымыздың абыройлы парызымыз. Индустрияландырудың жоспары болашаққа салынған жол деп қаралғаны абзал. Тәуелсіздіктің 20 жылдығын лайықты табыстармен қарсы алу ел алдындағы міндетіміз болуы керек. Облыс әкімінің баспасөз қызметі