Өткен дүйсенбі күні облыс әкімі Сергей Дьяченко Көкшетау қаласының бірқатар кәсіпорындары мен құрылыс нысандарын аралап көріп, жазда қала аумағын көркейтіп, сәулеттендіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысына көңіл бөлді, облыс орталығы үшін маңызы зор осы істің неғұрлым қысқа мерзімде сапалы атқарылуын тапсырып, таяу күндерге кезек күттірмес міндеттер ауқымын белгіледі.Алдымен, облыс әкімі Сергей Дьяченко Астана қаласынан келетін күре жолдың Көкшетау қаласына кіре берісінде орнатылған қала қақпасы іспеттес белгіні абаттандыру жұмысының барысымен танысты. Ашық жерлерге ағаш көшеттері отырғызылған. Дегенмен, ағашты «Зеленстрой» серіктестігі уақытында суармайтын көрінеді. Өңір басшысы осындай айшықты орынның қаладан Зеренді ауданына шыға берістегі жол бойына да салынатынын атап өтті.
Бұдан әрі облыс әкімі осы күре жолдың бойында бой көтеретін Құлагер ескерткішінде болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Әзірше, мұнда ескерткіш тұғырын биіктету және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан кейін облыс әкімі Сергей Дьяченко «Новопэк» жа-уапкершілігі шектеулі серіктесті-гіне келді. Мұнда ғимарат сыртын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. 5 тамызға дейін аяқталатын абаттандыру жұмыстары әлі қолға алынбаған. Тіпті, гүл мен шөп те егілмеген. Жұмыс қарқынына өңір басшысының көңілі толмады. Жергілікті жерден жұмысшылар алып, жұмысты екі ауысымда жүргізу қажеттігін тапсырды. Облыс басшысы цехтарды аралап көріп, жұмысшылармен әңгімелесті. Мұндағы орташа айлық еңбекақы 41 мың теңгені құрайды. Кейде еңбекақы уа-қытында төленбейтін көрінеді. Кәсіпорында медициналық қызмет көрсетілмейді. Қалалық автобустар қатынамайтындықтан, жұмыс-қа келу де біраз қиындық туғызады. Түскі ас төлемақысының жартысын кәсіпорын өз мойнына ал-ған. Жуырда жұмысшылардың барлығы тегін тамақтанатын болады, - дейді «Новопэк» серіктестігінің директоры Борис Писарев.
Бұдан соң облыс басшысы «Молоко Синегорье» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Серіктестік директоры Елена Михайлова жыл басынан бері кәсіпорын 2 миллиард теңгенің өнімін өндіргенін, кәсіпорында 123 адам еңбек ететінін, олардың орташа айлық еңбекақысы 35 мың теңгені құрайтынын айтып, кәсіп-орынның жұмысымен таныстырды. Кәсіпорын сүтті облыстың барлық аудандарынан жинап, өндірген өнімдерін Астана, Алматы, Семей сияқты ірі қалаларда сататын көрінеді. Цехтарда үйіліп қалған қорап-қорап өнімдерді көрген өңір басшысы сүттің Көкшетау қаласында неге сатылмайтындығына назар аударды. Бұдан кейін облыс әкімі Абылайхан даңғылы мен Сүлейменов көшесі қиылысында салынып жатқан демалыс аймағында болды. Тастан салынатын таудың басына бүркіт пен арқардың ескерткіші қойылмақшы.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко «ENKI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де болып, кірпіш зауытының тыныс-тіршілігімен танысты. Кәсіпорын жарты жылдың ішінде 11 миллион дана кірпіш өндірген. Газдың алыстан тасымалдануынан зауыт өнімі ресейлік кірпіштерден қымбат болып тұр. Бұдан кейін өңір басшысы Көкшетау-Омбы, Көкшетау-Петропавл күре жолдарының қиылысында салынып жатқан көпір құрылысында болды. Облыс әкімі мұнда да жұмысты кестеге сай жүргізуді тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі