Кеше Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен өткізілген облыстық әкімдіктің мәжілісінде 2011 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен екінші жартыжылдықтың міндеттері туралы және 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс бюджетінің орындалу барысы туралы мәселелер қаралып, талқыланды.Мәжілісте күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков баяндама жасады. Баяндамада алдымен, облыстың жылдың алғашқы алты айын экономиканың, әлеуметтік-мәдени өмірдің түрлі салаларында толымды жетістіктермен шығарып салып, екінші жартыжылдықтың да көрсеткіштері бұдан кем соқпауына берік негіз қалап отырғандығы айтылды. Өткен кезең ішінде өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі қазіргі бағамен 101,4 миллион теңгені құрап, нақты өнім индексі 138,9 пайызға орындалуына қол жеткізілген.
Биыл индустрияландыру картасы есебінен 24,8 миллиард теңгенің 16 жобасын іске асыру көзделсе, бірінші жартыжылдықта 5,8 миллиард теңгенің 5 нысаны іске қосылып, жұмыс істей бастады. Өткен есепті кезеңде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 30,5 миллиард теңгеге жетті. Дегенмен, сала бойынша жалпы көлем индексі былтырғы жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейден төмен болып, 96,1 па-йызды ғана құрады. Бұған Есіл, Сандықтау, Шортанды, Атбасар, Ерейментау және Жақсы аудандарының осы саладағы жеткіліксіз жұ-мыстарының салдарынан жол берілді. Биыл әсіресе, майлы дақылдар егістігі 172,8 мың гектарға дейін ұлғайтылып, былтырғыдағыдан
1,7 есе өсті. Өкінішке орай, жергілікті жерлерде көкөніс өсіруді дұрыс қолға алу жөніндегі белгіленген межелер іске асырылмай қалды.
Биыл да Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін жасау ісіне үлкен маңыз беріліп отыр. Облыста осы мақсатта 27,5 миллиард теңгенің 24 жобасын іске асыру жоспарланса, қазір осы жұмыстардың бәрі атқарылу үстінде. Тұтыну бағасының көтерілуіне жүйелі түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізудің есебінен тосқауыл қойылып келеді. Бұл күш-жігер өзін-өзі ақтай түсуде. Облыста 27 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъек-тілері белсенді жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырғанда мұнда да айтарлықтай өсім бар. Ал, бюджетке 27,3 миллиард теңгенің салықтары мен басқа да міндетті төлемдерінің түсуі осы жөніндегі тиісті болжамды көрсет-кіштің 120,9 пайызға орындалғандығын көрсетеді. Осы орайда, барлық аудандарда мемлекеттік бюджеттің орындалуы биылғы жылдың оң нышандарының бірі десе болады. Ресми тіркелген жұмыссыздықты азайтуда да ілгерілеушілік бар, атап айтқанда, ол бірінші жартыжылдықта 0,3 пайыздық бірлікке төмендеді.
Облыстың жетістіктері ғана емес, сонымен бірге, сала-саладағы олқылықтар да орынды сөз болған баяндамадан кейін жарыссөзге шығып сөйлеген Целиноград ауданының әкімі М.Қ.Жүнісов, Есіл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ә.О.Смағұлов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.П.Зозуля, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ғ.Ш.Әмрин өз аудандары мен салаларында жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға тоқталып, ара-арасында бүгінгі істің жайы туралы облыс әкімінің қойған сауалдарына жа-уап беріп отырды.
Мәжілісте Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко қорытынды сөз сөйлеп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында жыл басынан бері қалыптасып отырған жағдайға кеңінен талдау жасады.
Облыста өткен жартыжылда көп нәтижелі істер атқарылды. Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында алға қой-ған міндеттерді ойдағыдай шешуге барлық алғы шарттар бар. Биылғы жыл былтырғыға қарағанда біршама қолайлы. Әсіресе, егіннің, шөптің шығымы ойдағыдай. Соған орай, облыс бойынша жалпы және аймақтық өнімнің 8 пайыздық өсімін қамтамасыз ету - басты міндет. Солай бола тұра, барлық жерде бірдей атқарылып жатқан жұмыстардың деңгейі көңілден шыға бермейді. Облыс бойынша әсіресе, былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара малдың 128,6 мың басқа кеміп кетуі қатты қынжылтады. Мен айтпасам, мұндай жағдайды кейбір басшылар біліп, қаперіне алып та жатқан жоқ. Тез арада осының себеп-салдарын анықтап, жағдайды түзеуге күш салу керек. Биылғы егін орағы ауа райының ауыр жағдайында өтуі ықтимал. Соған осы бастан дайын болуымыз керек. Көкшетау қаласын жайнатып, жасартуға күш салып, облыстың барлық елді мекендеріне үлгі етіп ұстауымыз қажет. Әзір мұнда атқарылып жатқан істердің қарқыны көңіл көншітпейді. Қазіргідей халыққа керек жеміс-жидек маусымында қанттың бағасы да қатаң бақылауға алынуы тиіс. Қысқы жылу беруден кейбір тұтынушылардың қарызы жарты миллион теңгеге дейін барады. Соны қайтарып алуда жұмыс жоқтың қасы, - деді облыс әкімі өз сөзінде. Бұдан әрі
С.А.Дьяченко облыс активінің алдына осы айтылғандарды іске асыру жөнінен зор міндеттер қойып, әр басшыдан жауапкершілік пен іскерлікті талап етті.
Әкімдік мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі