Өткен бейсенбі күні Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко өңірімізге екі ел арасындағы ынтымақты байланыстардың жаңа мүмкіндіктерін қарастыра келген Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттары істерінің уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей мырзаны қабылдап, мәртебелі мейманмен қос мемлекетті жақындастыратын достық қарым-қатынастарға ақмолалықтардың қосар үлесі, бейбітшілік корпусының біздің облыстағы волонтерлық қызметі, тағы басқа өзекті мәселелер жайында ашық пікір алмасты. Бұл - Джон Ордвей мырзанының біздің өңірге алғашқы сапары. Жылы шырайлы кездесу барысында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың даму жолдары қарастырылды. Бұл сапардың негізгі мақсаты бейбітшілік корпусының қазақ елімен арадағы байланысын одан әрі нығайту болып табылады. Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдеріндегі бейбітшілік корпусы волонтерларының Қазақстанда да жемісті жұмыс істеп келе жатқандығын көптеген мысалдардан айқын көруге болады. Алда 15 жылдан бергі осы ынтымақтастықты одан әрі дамыту міндеті тұр.
Джон Ордвей мырза делегация құрамындағы АҚШ елшілігінің екінші хатшысы Нэтан Остин және басқа мамандармен таныстыра келе, Ақмола жеріне келгеніне өте қуанышты екендігін, мұндағы жақсылық пен өркениет нышандарынан қазақ елінің тәуелсіз мемлекет құру жолындағы жетістіктері айқын аңғарылатындығын жасырмады. Кездесуде облыстық білім басқармасының бастығы Марат Ыбыраев волонтерларды құжаттандыру ісінде кемшілік барын мойындай келе ол мәселелер шешімін табатындығын сендірді. Осыған дейін бейбітшілік корпусы бойынша 22 адам шетелге жіберілген. Келісім-шарт мерзімі аяқталғандықтан, олардың сегізі елге қайтып оралды. Облыс әкімі жобаның маңыздылығын, сондықтан, осы мәселемен айналысып отырған Америка Құрама Штаттарымен бұл бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ақмолалықтардың дайын екендігін мойындады.
Кездесу соңында екі жақ кәдесыйлармен алмасып, меймандар облыс орталығындағы бірқатар өндіріс орындарын аралап көрді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі «Арқа Ажары» газетінің ақпа