Өткен жексенбі күні облыс әкімі Сергей Дьяченко Целиноград ауданының Малотимофеевка селосында жаңадан салынып, пайдалануға берілген шіркеудің ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, халық құдайға құлшылық ететін бұл ғибадатхананың елді ұлтаралық келісім мен конфессияаралық түсіністікке бастайтын қасиетті орынға айналатынына сенім білдірді.Кейінгі уақытта елімізде Қазақстанда дәстүрлі діндер саналатын Ислам мен Христиан дінін ұстанушыларға кең жол ашылды. Оның айғағы ретінде облысымызда жұмыс істейтін 125 мешітті айтуға болады. Оның тоғызы биыл пайдаланылуға берілгендігі де біраз жайды аңғартса керек. Сондай-ақ, өңірде тоғыз христиан шіркеуі жұмыс істейді.
Елімізде кейінгі уақытта бой көтеріп жатқан мешіттер мен шір-кеулердің бәрі дерлік негзінен, демеушілердің қаржысына салынған. Целиноград ауданының Малотимофеевка селосында пайдаланылуға берілген Святитель мен Николай Чудотворец атындағы храм да осындай көмектің нәтижесі. Рас, Астана қалалық, Ақмола облыстық және Целиноград аудандық әкімдіктері тараптарынан да көмектің болғандығын айту керек.
Жаңа шіркеу бір кезекте үш жүз адамның құдайға құлшылық етуіне мүмкіндік береді. Шіркеудің ашылу салтанатына Астана қаласындағы Успен Кафедрал Соборының хорының келуі де христиан дінін ұстанушылардың бұл жаңалыққа қаншалықты ден қойғандығын ай-ғақтаса керек. Ал, аталмыш храмның шын мәніндегі діндарлар орталығына айналуы үшін тағы да біраз мәселелерді шешу керек екен. Олардың ішінде Ресейден, Украинадан арнайы әкелінуге тиіс түрлі икондар, тағы да басқа қажетті құралдар бар.
Храмның ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан және Астана Метрополиті Александр шіркеу салуға ат салысқан құрылысшылар-ға, демеушілік көрсеткен Ақмола облысы әкімі Сергей Дьяченко өз алғысын жеткізді.
Біз биыл тәуелсіз еліміздің жиырма жылдығын тойлағалы отырмыз, - деді ол өз сөзінде Метрополит Александр. - Қазақстандағы мұсылмандар мен христиандардың татулығы, бірлігі туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым айтып отырады. Біз - діндарлар Елбасымыз бастаған дана жолдан таймаймыз. Мұнан соң Метрополит облыс әкімі Сергей Дьяченкоға Святитель мен Николай Чудотворецтің бейнесін табыс етті.
Өз кезегінде облыс әкімі Сергей Дьяченко жиналған жұртшылық пен Малотимофеевка селосы тұрғындарын қасиетті храмның ашылуы-мен құттықтап, елді мекен тұрғындары мінәжәт ететін бұл шіркеу конфессияаралық түсіністікке бас-тайтын орын болатындығына сенім білдірді. Мұнан соң облыс әкімі шіркеу қызметшілеріне сый-сияпат жасады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі