Алдымен Президент облыстың Зеренді ауданындағы Пухальск ауылындағы «Щучье қалалық сүт зауыты» ЖШС-нің ірі қара мал өндірісі жөніндегі репродуктор-асыл тұқымды шаруашылығында болды. Мемлекет басшысы «Щучье қалалық сүт зауыты» ЖШС мен «Зеренді Астық» ЖШС-нің жемшөп, май мен дәнді дақылдар даласын аралап, жемшөп дайындау барысымен танысып, ауыл шаруашылығының жетекшілерімен және мамандарымен кездесті. «Щучье қалалық сүт зауыты» репродуктор-шаруашылығы «Набат Пухальськ» ЖШС базасында 2500 бас ірі қара малға арналып ұйымдастырылған. «Астана қаласының аймағын азық-түлік белдеуімен қамтамасыз ету» инвестициялық жобасын іске асыру мақсатында ет бағытындағы малды сатып алу үшін 1 млрд. 45 млн. теңге сомасында қаржылай қаражат бөлінген. 2010 жылы қараша мен желтоқсанда солтүстік Америкадан 644 бас ірі қара мал әкелінді, ағымдағы жылғы мамырда 162 бас асыл тұқымды мал әкелінді, соның ішінде 30 бас бұқа, ал 132 бас бойдақ қара мал әкелінді. Барлық әкелінген ірі қара мал басы - 1348. Бүгінде аңғар түрінде 8 арнайы жемшөп алаңы, ветеринарлық бөлім, азық алаңында шаруашылық құрылыстары салынған. «Зеренді Астық» ЖШС-нің жұмысы дәнді дақылдар өндірісіне, мал шаруашылығын дамытуға, мал өнімдерін қайта өңдеуге бағытталған. Егістік алаңы - 33,1 мың гектар, 2010 жылы астықтың түсімі - 12 ц/г. болды. Шұжық өнімдері үшін шағын ет комбинаты бар.
Мемлекет басшысы Еңбекшілдер ауданындағы Степняк қаласындағы «Қаз Гер Құс» ЖШС құс фабрикасының өндірістік процесімен танысты. Құс фабрикасының қызметі азықтық құс жұмыртқасы өндірісіне, құс етін қайта өңдеуге бағытталған. Әтеш-мекиен тауықтар саны - 568 мың дана. 2010 жылы 136,6 млн. жұмыртқа, 2011 жылғы қаңтар мен маусым айлары аралығында 74 млн. жұмыртқа өндірілді. 2008-2010 жылдары ұзақтығы 5,3 шақырымдық электржелісінің құрылысы жүргізілген, 2 қабатты әкімшілік корпусы, сағатына 5 тонна өндіретін жемшөп өндірісінің жемшөп ғимараты, жұмыртқаны сұрыптайтын желіге арналған жұмыртқа сақтау қоймасы, ұзақтығы 2,9 шақырымдық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесі, әтеш-мекиен тауықтары үшін 10 құс қорасы, соның ішінде жылқы төлі үшін екі цех, күнбағыстан өсімдік майын өндіретін цех, суды тұшыландырушы құрылғы орнатылған. 2009 жылы 129 тонна күнбағыс майы және жемшөп цехы үшін 420 тонна шрота өндірілді. 2011 жылы жылына қуаттылығы 1,5 тонна құс етін қайта өңдейтін шұжық цехы құрылысының жобасын іске асыру жоспарланған.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Еңбекшілдер ауданындағы Мамай ауылындағы «Kaz Beef Ltd» ЖШС-нің ірі қара мал ұдайы өндірісі жөніндегі репродуктор-асыл тұқымды шаруашылығында болды. Жобаның мақсаты - 5 мың ірі қара мал басына арналған жемшөп алаңының құрылысы және әрқайсысы 1 мың ірі қара мал басына арналған екі репродуктор-асыл тұқымды шаруашылығының құрылысын салу. Қызметінің бағыты - өнімділігі жоғары асыл тұқымды ірі қара мал басын өсіру және ұстау, ішкі нарықта өнімділігі жоғары асыл тұқымды ірі қара мал басының үлесін арттыру. 2011 жылғы 1 тамызда шаруашылықта 2498 бас «Абердин ангусской» және «Герфордской» тұқымды ірі қара мал бар.
Өңірге жасаған сапары аяқталғаннан кейін, брифинг барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландырудың және ауыл шаруашылығын дамытудың арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.
- Мен еліміздің солтүстік аймақтарындағы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылу барысын тексердім. Бұл жаңа бастама, осы уақытқа дейін болмаған деп айтуға болатын мал шаруашылығы жаңаша дамып келеді. Біз еттің тоннасы бидайдың тоннасына қарағанда 5 есе қымбат екенін түсіне бастадық. Міне, барлық арифметика осында. Бізге астықты, бидайды өсіру жыл сайын қиынға соғуда. Сондықтан біздің көршілеріміздің өте үлкен сұранысына ие болып отырған етті өндіру қажет. Айтып өткенімдей, үлкен бағдарлама аясында біз мұндай ірі төрт жемшөп пунктін, репродукторларды құрудамыз және олардың жанынан 2500-ден астам фермер шаруашылықтары пайда болатын болады. Жалпы алғанда, бұл орасан жұмыс орнын құруға мүмкіндік туғызады, және біз Қазақстаннан етті экспорттауды бастаймыз. 2015 жылға қарай ет экспортын 60 мың тоннаға дейін, 2020 жылға қарай 180 мың тоннаға жеткізу міндеті алға қойылып отыр. Егер еттің тоннасы астықтың тоннасынан 5 есе артық болғанда, қандай болатынын енді есептеп көріңіз. Бұл барлық жағынан да тиімді іс, жаңа іс. Сіздер мемімен бірге болдыңыздар, көріп отырсыздар, бұл индустрия. Бұл ендігі жерде ауыл шаруашылығы емес, бұл индустрияландыру. Қараңыз, мұнда 2500 мал басы бар, 15 адам жұмыс істейді. Кеңес уақытында 200 немесе 150 адам еңбек ететін. Яғни, шоғырлану деген осы. Ендігі жерде астықты даланы аздап өзгертіп, мал үшін жемшөп өндіруді бастау керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Ақмола облысында 4,2 миллион гектар астық көп егілгенін атап өтті. Көп нәрсе жиын-терімге және ауа-райына байланысты болады. Егер ауа-райы қолайлы болса, биылғы жылы біз жалпы алғанда 18-20 миллион тонна астық жиып аламыз. Сондықтан Үкімет астықты қалай сақтау, қалай сату туралы проблеманы шешуі тиіс.
- Жалпы, сіздер көріп отырсыздар, біз индустриалдық бағдарламаны, ауыл шаруашылығы бағдарламасын жүзеге асырудамыз, денсаулық сақтау, білім беру саласы дамуда. Елордалық облыс - Ақмола - елорданы Астанаға ауыстырғаннан көп ұтты. Соңғы он жылда облыста инвестиция 14 есеге, өнеркәсіп 2,5 есеге, ауыл шаруашылық өнімдері 2 есеге артты. Ақмолалықтар жақсы емделу, өз балаларын жақсы оқыту мүмкіндігіне ие болды. Мұндай игілікке Ақмола облысы елордаға жақын орналасқандықтан ие болып отыр. Осы орайда, елордалық өңірдің тұрғындары сондай-ақ барлық қажеттілікпен қамтамасыз етулері қажет, - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан бойынша жұмыс сапарлары
Облыс әкімінің баспасөз қызметі БАҚ-ның материалдары негізінде