Өткен сейсенбі күні Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко облыс орталығынан шыға берістегі Көкшетау-Астана тас жолының бойында халқымыздың ұлы перзенті Ақан серінің талай бәйгеде топ жарған, шашасына шаң жұқпас атақты сәйгүлігі, өшпес рухы мен өр бейнесі халық жадында мәңгі жатталып, әйгілі ән-жыр, дастанда ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған Құлагер ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ұлттың, оның рухани құндылығының қадір-қасиетін жаңа бір биікке көтеріп тастаған бұл күн осы тарихи оқиғаның куәсі болған барша жұртшылықты ерекше теберініске бөлеп, ұлы даланың ұлы тұлпары ортамызға қайта оралғандай айрықша әсер қалдырды.Облыс әкімінің баспасөз қызметі «Арқа Ажары» газетінің ақпаратынан