Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Сенат сайлауына қатысушы үшін Астанаға келген халықаралық бақылаушыларды қабылдады.19 тамызда өтетін Сенат сайлауына қатысу үшін Астанаға алғашқылардың бірі болып келген халықаралық байқаушылардың ішінде ТМД-ның Атқару комитетінің өкілі Евгений Слобода және комитет кеңесшісі Евгений Козяк бар. Бүгін оларға ҚР Сенаты сайлауын бақылаушыларының арнайы куәліктері табысталды.
Жалпы, ТМД бақылаушылары миссиясы тарапынан сайлауға 68 адам қатысады. Олардың қатарында Молдова және Әзірбайжанның өкілдері жоқ.
ҚазАқпарат