Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары бүгін Астанада өтетін бейресми кездесуге қатысады.Кездесу барысында мемлекет басшылары ҰҚШҰ жауапты аймақтағы аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі, атап айтқанда Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы жағдайды талқылайды деп күтілуде.
ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа атап өткендей, Астанадағы кездесу мақсаты - Ұжымдық қауіпсіздік шарт әрекеті кеңістігінде қалыптасқан жағдайды талқылау, мемлекет бастан кешіп отырған қауіпсіздік проблемаларын бағалау, жағдайдың дамуына болжам жасау және осындай болжамдарға сүйене отырып, кейбір келеңсіз салдарлардың, мемлекеттердің тұрақтылығына ықпал етуі мүмкін қандай да бір оқиғаның алдын алу үшін қажетті шараларды әзірлеу.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы ҰҚШҰ-ға Беларусь Республикасы төрағалық етуде.
ҚазАқпарат