Ағымдағы жылдың 16 тамыз күні, ҚР Премьер - Министрі К.Мәсімов жаңа 2011-2012 оқу жылына білім объектілерінің дайындық мәселелері бойынша облыстар, Алматы және Астана қалалары әкімшіліктерінің басшыларымен селекторлық режимдегі Үкімет отырысын өткізді.Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баяндама жасады.
Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко еліміздегі мектептердің көпшілігінде өрт қауіпсіздігі нормалары өрескел бұзылып, пайдаланылуда деп мәлім етті.Осы жолы Үкіметке есеп берген Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко Ақмола облысы бойынша 2011 жылдың 15 тамызына жалпы 836 білім мекемелері жұмыс атқаруда, соның ішінде 368-і күндізгі мемлекеттік білім беру мектеп ұйымдары екендігін айтты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі