Бүгін облыс әкімі Сергей Дьяченко Көкшетаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Ақмола облысы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысып, сөз сөйлеп, ұстаздар қауымын алда келе жатқан жаңа оқу жылымен және Білім күнімен құттықтады, алда тұрған міндеттерге жан-жақты тоқталып, таңдаулы ұстаздарға құрметті төс белгілері мен алғыс хаттарын тапсырды.Кеңесте баяндама жасаған облыстық білім басқармасының бастығы М.ыбыраев бүгінгі таңда білім беру салсында атұарылып жатқан сан салалы жұмыстарды кеңінен қамтып, осы тұрғыдағы негізгі іс-шараларға жеке-жеке тоқталып өтті.
Жарыссөзде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, филология ғылымдары докторы, профессоры А.Д.Жақыпова, Зеренді аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаева, Көкшетау қалалық білім бөлімінің бастығы Х.Х.Ғазизов, Жарқайың аудандық қоғамдық ата-аналар кеңесінің мүшесі З.Р.Марштупа Көкшетау қалалық «Мектеп» ассоцияациясының төрайымы Р.Р. Луговая, Бурабай ауданы Жасыл негізгі мектебінің директоры Б.Ж.Әміржанов, Есіл қаласы №7 кәсіптік лицейінің директоры Л.И.Клименко сөз сөйлеп, білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттерге тоқталды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі