Зеренді жеріне облысымыздың аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларынан бір мыңға жуық спортшылар жиналды. Өткен жұма күні жарыстың салтанатты ашылуы өте жоғары деңгейде өтті деп айта аламыз. Біз осы жолғы небір әсем көріністерді бұған дейінгі өткен спорт сайыстарынан көре алған жоқ едік. Аудан әкімі Ербол Сағдиев пен оның орынбасары Әлия Таласбаеваның, аудандық спорт және мәдениет бөлімдерінің қызметкерлері аяқтарынан тік тұрып, айрықша қызмет көрсетті. Бұл жолы сайдың тасындай сом білекті қыз-жігіттер волейбол, баскетбол, Президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика, шахмат,стол теннисі, спорттық туризм, дойбы, футболдан сынға түсті. Бірнеше жылдан бері талай дүбірлі сайыстарда олжа салып жүрген бурабайлықтар осы жолы да биіктен көрінді. Олар отбасы сайысынан бірінші орын алса, Президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика, шахматтан екінші орын және олардың баскетболшы ер азаматтары үшінші орыннан көрінді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі