Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауында туындайтын міндеттердің жергілікті жерлерде жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында екі күндік жұмыс сапарымен Ақмола облысына келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Шортанды, Бұланды және Зеренді аудандарында болған-ды. Ал, өткен сейсенбі күні Мәжіліс төрағасы Көкшетау қаласындағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалының ғимаратында азаматтарды қабылдады. Сол күні облыс активінің жиналысына қатысып, сөз сөйлеп, тәуелсіз еліміздің жиырма жылда қол жеткізген табыстарының тарихи маңызына тоқтала келе, Ақмола облысында әлеуметтік сала мен өндірісті дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға жоғары баға берді. Көкшетау қаласын аралаған сапарында Мәжіліс төрағасымен бірге облыс әкімі Сергей Дьяченко, Көкшетау қаласының әкімі Мұнарбек Батырханов бірге болды.Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов «Agrimer - Astuyk» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, тәулігіне 300 тонна астық өңдейтін диірмен кешенін аралап көрді. Кешенде астық сақталып, өңделеді. Ұн тартылып, нан өндіріледі. 2010 жылы тауар өнімдері өндірісінің көлемі 17,5 миллион теңгені құрады. Үстіміздегі жылы 3300 тонна ұн және 897 тонна кебек өндірілді.
Кешен өзінің жобалық қуатына 2011 жылдың қарашасында шығып, жылына 2820,2 миллион теңгенің 68 мың тонна ұнын өндірмекші. Серіктестік өз өнімдерін Ақмола және Қазақстанның өзге де облыстарында, алыс және жақын шет елдердің тұтынушыларына сатады. Тәулі-гіне 60 тонна (соя, рапс) майлы дақылдарды өңдейтін зауыт пайдалануға берілмекші. Оған Чехияда жасалған жаңа қондырғылар қо-йылды.
Серіктестіктің бас инженері Сергей Белоусовтың айтуынша, кәсіпорын биыл 146 мың тонна астық қабылдай алады. Ол үшін техникалық база мен зертханалық жабдықтар толық дайын. Кәсіп-орынның өз мұнай өнімдері базасы, мал азығы зауыты, наубайханасы және өз өнімдерін сататын дүкені бар. Серіктестікте 185 адам еңбек етеді. Орташа жалақы 45 мың теңгеден айналады. Кәсіп-орын өз еңбеккерлерін тасымалдау үшін автобус бөлген. Жұмысшылар тегін тамақтанады. Мәдени-сауықтыру шаралары жиі өткізіледі. Еңбеккерлер үшін кәсіпорын аумағында емдеу-са-уықтыру кешені жұмыс істейді.
Бұдан соң Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамында болып, минералды су және алкогольсіз сусын құятын цехты аралап көрді. Цехта сағатына 8 мың 1,5 литрлік полиэтиленнен жасалған құтылар-ға минералды су және алкогольсіз сусын құйылады. 5 литрлік полиэтилен құтыларға биогендік су құю желісі сағатына 900 құтыға су толтырады. Кәсіпорын бұл өнімдердің 100-ге жуық түрін өндіреді. 2010 жылы 45328,8 мың литр минералды су мен сусын, 15014,1 мың литр спирттік ішімдік өндірілген. Үстіміздегі жылдың тамызына дейін 761,9 миллион теңгенің 19989,1 мың литр өнімі өндірілді. Кәсіпорын 2011 жылдың желтоқсанында жобалық қуатқа толық шықпақшы. Өндірілген өнім Қазақстанның ішкі рыногында және Ресейде сатылады.
Кәсіпорын құрылғаннан бері өз еңбеккерлерін жұмысқа және үйлеріне тасымалдап, асханада тегін тамақтандырып келеді. Жиһаз, пәтер, автокөлік сатып аламын деген еңбеккерлерге пайызсыз несие беріледі. Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын жұмысшылардың балаларының оқу ақысы төленеді. Ұжымның демалу және мәдени сауықтыру шараларын өткізу шығынын да кәсіпорын өз мойынына алған. Әйелдерге декреттік демалыстың ақысы және жәрдемақы төленеді. Еңбеккерлердің балалары сауықтыру лагерінің жолдамаларымен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорын жыл сайын триатлоннан Азия кубогінің спорттық жарысына демеу-шілік қолдау көрсетіп келеді.
Кәсіпорында 920 адам еңбек етсе, олардың орташа жалақысы 83305 теңге көлемінде. Мәжіліс спикері кәсіпорын еңбеккерлерімен кездесіп, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жөнінде әңгімелеп берді.
Бұдан кейін ол «ENKI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде , қыш кірпіш өндіретін корпусты көрді. Кәсіпорын жылына 60 миллион дана кірпіш шығарады. Мұнда үстіміздегі жылдың 1 тамызына дейін 423,8 миллион теңгенің 28,2 мың текше метр кірпіші өндірілген. Кәсіпорын 2013 жылдың 1 қаңтарында жобалық қуатына толық шығады деп жоспарлануда. Қазір мұнда 181 адам еңбек етеді. Орташа жалақы 60 мың теңге.
- Экономикалық дағдарыс әлі әлемді айналып өткен жоқ. Бұл қиыншылықты Еуропа мен мұхиттың арғы жағындағы бірқатар мемлекеттер бастарынан өткеріп отыр,- деді Парламент Мәжіліс інің төрағасы жұмысшылармен кез-десуінде.
- Бұл дағдарыс өзге мемлекеттерге де әсерін тигізетіні анық. Қазақстан экономикасы тұрақты. Өткен жылы жалпы ішкі өнім 7,1 пайызға өсті. 2010 жылы үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін 850 миллиард теңге бөлінсе, үстіміздегі жылы бұл сома 1,5 триллион теңгені құрап, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды. Болашақта сыртқа шығарылатын шикізаттарды өзіміздің кәсіпорындар өңдейтін болады. Әлемде мұнайдың бағасы тұрақты емес. Ол экономикаға кері әсерін тигізеді. Елімізде әр саладағы өн-дірістің сан алуан түрін дамыту қажет.
Кездесу барысында кәсіпорын басшылары өздері өндірген өнімді сату мәселесіне қатысты туындаған қиындықтар жайлы айтты.
Бұл бағытта Мәжіліс спикері өз тарапынан қолдау көрсететінін атап өтті.
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының ғимаратында өткен бұл қабылдауға келген халықтың түйткілі әр қилы болды. Мәселен, Ж.Мусин атындағы Көкшетау қазақ педагогикалық колледжінің түлегі Әйгерім Сағындықова осы жылы мемлекеттік сынақта және шығармашылық емтиханда жоғары балл жинаса да, жалпы конкурста «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша грантқа өтпегенін айтып, Мәжіліс төрағасынан аталған жоғары оқу орны ректорының грантын иеленуге қол ұшын беруді өтінді. Республика бойынша қазақ бөліміне бұл мамандыққа 30 грант бөлінгенімен, оның тең жартысынан астамы белгісіз себептермен үміткерлерге берілмей қалған. Осы арада Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Найман Қалабаев жоғары оқу орны Әйгерімге бір жылға грант бөлетінін жеткізді. Осы аралықта ол жақсы нәтиже көрсететін болса, грант алдағы жылдары да сақталып қалмақ.
Сонымен бірге, қоғамдық қабылдауда «Мирас-Көкше» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нығмет Ерханұлы да болып, қоғамымызды толғандырып отырған тастанды балалар тағдырына ара түсіп, жалғызбасты аналарға қол ұшын беру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалының қолдауымен биыл ашылған қордың жұмысына қаржылай жәрдемдесуді сұрады.
Қоғамдық қабылдауда еңбек заңының бұзылуына байланысты шағым айтып келгендердің де шағымдары тыңдалды. Осы күні еш жерде жұмыс істемейтін Роза Әбішева мемлекеттік қызметті оңтайландыру барысында өзінің жұмыстан негізсіз шығарылғанын алға тартып, осы мәселенің түйінін шешуді өтінді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов мәселенің анық-қанығын бір қабылдау төңірегінде шешу мүм-кін еместігін айтып, алдағы уақытта бұл мәселе бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілетінін мә-лімдеді.
Сонымен қатар, Қазақстан туризмінің негізін қалаушылардың бірі Александр Бойко Бурабай курорттық аймағында белсенді демалыс орталығын салу жобасын қуаттап, несие беруді өтінсе, зейнеткер Виталий Мамедбаков зейнетақы реформасы турасында өз ойын білдірді. Ал, партияның облыс-тық филиалының партиялық бақылау құрылымының зейнетақы жөніндегі комиссияның мүшесі Зере Қиықова да қоғамдық қабылдауда осы мәселені қозғап, «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс жасады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының еңбек ардагерлерінің мәртебесін жоғарылату жайлы да пікірлер білдірілді.
Қабылдау соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мә-жілісінің төрағасы ешбір мәселе қараусыз қалмайтынын баса айтып, барлық сауалдарды өзінің ті-келей бақылауына алатынын жеткізді.
Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов облыстық әкімдікте өткен актив жиналысында сөйлеген сөзінде тәуелсіз еліміздің
жиырма жылда қол жеткізген табыс-тарын және мемлекеттің әлем алдындағы айбынын асырған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегін атап көрсетті. Қазақстанның әлемдегі абыройлы мемлекетке айналуының басты себебі халықтар достығы мен ынтымағы болғандығын айтқан ләзім. Актив жиналысында Көкшетау қаласындағы №17 мектептің директоры А.Т.Сегізбай, облыстық ардагерлер кеңесінің төр-ағасы Ч.М.Әбутәліпов, «КамАз-Инжиниринг» зауытының директоры С.А.Кистнер, Көкшетау қалалық ауруханасының бас дәрігері С.Қ.Кәкенов, «Луч надежды» қоғамдық қорының төрайымы
Л.А.Рубежанская сөз сөйлеп, өздерін толғандырып отырған мәселелерді ортаға салды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі «Арқа ажарының» газетінің ақпаратынан