Кеше облыс әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде азық-түлік өнімдері бағасының негіссіз өсуіне жол бермеу және өңір экологиясын жақсарту мәселелері қаралып талқыланды. Өңір басшысы алдымен, облыс активіне Ақмола облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының Жанат Жақсылықұлы Рахымбековты таныстырды. Ол бұған дейін Ерейментау мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің директоры болып жұмыс атқарған. Биылғы жылдың 8 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөнінде агенттігінің Ақмола облысы бойынша басқармасының бастығы-тәртіптік кеңестің төрағалығына бұған дейін санақ комитеті төрағасының кеңесшісі болып қызмет атқарған Бақытжан Бекзатханұлы Асқаров тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа күрес жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығымен биылғы жылдың 22 шілдесінен бастап қаржы полициясының полковнигі Мақсұт Ыбырайханұлы Нәлібаев Ақмола облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа күрес жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөнінде агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы-тәртіптік кеңестің төрағасы болып қызмет істеген. «Аграрлық Несиелік Корпорация» акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры болып бұған дейін Щучинск қаласындағы «АТФ Банк» акционерлік қоғамының директоры болып қызмет атқарған Асқарбек Мақсұмханұлы Мақсұмхан, Қазақстан Республикасы Дін істері жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығымен Сәуле Лұқманқызы Ыбыраева Ақмола облыстық дін істері жөніндегі департаментің директоры болып тағайындалды.
Ақмола облысы әкімінің өкіммен облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болып бұған дейін мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығының директоры болып қызмет атқарған Николай Афанасьевич Политкин, Ақмола облысы әкімі аппаратының құжаттандырумен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып бұған дейін Ақмола облыстық мәслихаты аппаратының бас маман-заңгер кеіңесшісі болып қызмет атқарған Қарлығаш Баймұқанқызы Ыбыраева тағайындалды.
Аппарат мәжілісінде Ақмола облысы бойынша биылғы жылдың қаңтар-шілде айы аралығында бағаны тұрақтандыру мәселесі қаралды. Өңір басшысының айтуынша, жергілікті атқарушы органдармен инфляцияны ауыздықтау, сұранысы жоғары азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсаты жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Аппарат кеңесінде сондай-ақ, Есіл экологиялық департаменті Ақмола филиалының жұмысы туралы есеп тыңдалды. Өңір басшысы С.Дьяченко есеп қорытындылары бойынша басқармалар мен ведомство басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі