Кеше облыс әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен селекторлық байланыс желісі арқылы өткізілген әкімдік мәжілісінде жастар саясатын жүзеге асырудың және мәдениетті дамытудың қазіргі жағдайы мен алдағы міндеттері қаралып, талқыланды.Облыстық әкімдіктің күн тәртібіне шығарылған бірінші мәселе бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Г.Б.Шөкеева баяндама жасады. Биылғы жылдың есебі бойынша жыл басына дейін 19-29 жас аралығындағы жастардың саны 191462 болған екен. 89402 жастар қалаларда тұрса, 101980 жас жігіттер мен қыздар ауылды жерлерде тұрып жатыр. Бір назар аударарлық мәселе бұрнағы жылдарға қарағанда жастардың саны кеміп келе жатқандығы байқалып отыр. Бұл тоқсаныншы жылдардың бас кезінде демографиялық жағдайдың нашарлап кеткендігінен болып отырса керек.
Тәуелсіз еліміздің бүгіні мен болашағы жолындағы жастардың белсенділігі жыл сайын артып келеді. Мұны жастар ұйымдарының жұмыстарынан айқын аңғаруға болады. Егер де 2008 жылы 46 түрлі жастар ұйымы болса, биыл олардың саны 62 жетіп отыр. Алайда, бұл жастар ұйымдарының бәрі бірдей белсенді жұмыс атқарып отыр деп айта алмас едік. Әзірге 38 жастар ұйымдары ғана белсенді жұмыстарымен көрініп отыр. Және де бір назар аударатын мәселе, жастар ұйымының біразы облыс орталығында шоғырланған. Ауылды жерлерді айтпағанның өзінде облыстың біраз аудандарының өздерінде тіркелген жастар мәселесімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар мүлдем жоқ.
Қазіргі уақытта жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында қаржыландыру жыл сайын жақсарып келеді. Қазір жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесіне бетбұрыс жасалып отыр. Статистикалық деректер бойынша қазір жастардың жұмыссыздығы 5,5 пайызды құрап отыр. Білімі бар, алайда жұмыс тәжірибесі жоқ жас-тарды тәжірибеден өткізу үшін әлеуметтік қорғау мәселесі қарастырылды. Биылғы жылдың алты айында 428 қыздар мен жігіттер жастар тәжірибесінен өтті.
Бізді жастар арасындағы жат қылықтар алаңдатуға тиісті. Қазіргі есеп бойынша наркологиялық диспансерде 1454 жас маскүнемдік дертімен есепте тұр. 334 жас есірт-кіге тәуелділер есебінде тұр. Жастар арасында отбасының тұрақсыздығы белең алып отыр. Мысалы, Көкшетау қаласында 594 жас отбасылары тіркелсе, солардың 342-сі ажырасып тынған. Бұл мәселе бойынша жарыссөзде облыстық білім беру басқармасының бастығы М.Ө.Ыбыраев, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары С.Т.Нұрахметов, «Жастар бірлестігі» қоғамдық ұйымының төрағасы О.В.Толкайлов сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.
Облыстық мәдениет басқармасының бастығы М.Ү.Оспанов мәдениетті дамытудың қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктері туралы хабарлама жасап, нақтылы жағдайды жайып салды. -Қазіргі уақытта облыста мәдениет мекемелері жеткілікті,-деді ол өз сөзінде. Қазақстан Республикасы Мәде-ниет министрлігінің берген бағасы бойынша облыстың мәдениет ошақтарымен қамтамасыз етілуі республикада үшінші орында, ал, мәдени сауықтыру ұйымдары бо-йынша бірінші орында тұр. Ақмолалық өнер ұжымдарының жекелеген топтары халықаралық фестивальдар мен конкурстарға қатысып, абыройлы оралып жүр. Соңғы жылдары ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтарын жөндеу, оларды іске қосу қолға алына бастады. Қазір соған қарамастан 49 селолық клубтар мен мәдениет үйлері күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұр. Кітапханалардың жұмыстарын бүгінгі күннің талабына сай ұйымдастыратын кез келіп жетті.
Облыс әкімі А.С.Дьяченко қа-ралған екі мәселе бойынша өз ойын ортаға салды. Жастардың патриоттық тәрбиесіне көңіл бөлу керек. Жұмысқа орналастыру мәселесі түбегейлі шешімін таппай отыр-ғандығы қоғамды ойлантуға тиісті. Әсіресе, ауылды жерлердегі жастардың мәселесіне байыппен қараған жөн. Мәдениет саласында қол жеткізген табысқа масайрауға болмайды деді облыс әкімі. Мәде-
ниеттің және өткізіліп жүрген шаралардың шеберлік деңгейін көтеруге тиістіміз.
Әкімдікте қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қаралды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі «Арқа ажарының» газетінің ақпаратынан