Кеңес барысында көлік секторын, мұнай-газ саласын, тау-кен және ауыл шаруашылығы өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды.Тамыздың 26-сы күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімов орталық атқарушы органдарының, ұлттық компаниялардың, Қазақстанның машина жасаушылар одағы басшыларының қатысуымен машина жасау саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Қазақстанның машина жасаушылар одағы (ҚМО) басқармасының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев машина жасау саласын дамыту жөнінде баяндады.
ҚМО мәліметі бойынша 2010 жылы машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі 342,5 млрд. теңгені, 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында 209,3 млрд. теңгені құрады. 2010 жылы жалпы қосымша құн өткен жылғы көрсеткіштен 36% жоғарлап, 215,4 млрд. теңгені құрады. 2011 жылғы бірінші жарты жылдықта еңбек өнімділігі адам басына шаққанда 7 мың АҚШ долларына дейін өсті. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 55,5% құрады. 2008 жылдан бастап 10 есеге дейін отандық темір жол машина жасау өнімдерінің тұрақты өсу көлемі байқалады. Мұнай-газ секторында өнімнің 350-ден астам түрінің өндірісі жолға қойылған.
Кеңес барысында көлік секторын, мұнай-газ саласын, тау-кен және ауыл шаруашылығы өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне бірқатар тапсырмалар берді.
ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі
ҚазАқпарат