ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов 2012-2016 жж. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы туралы баяндама жасады.
Осы кезеңдегі Үкіметтің экономикалық саясатының басты міндеттері теңгерілген экономикалық өсуді жыл сайын 7 пайыздан кем емес деңгейде қамтамасыз ету болып табылады. Қойылған мақсаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, аймақтардың орнықты дамуы, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, адами капиталдың бәсекеге қабілеттігін арттыру, сондай-ақ индустрияландыру арқылы әртараптандыруды жеделдету жолымен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз жасау есебінен жүзеге асады.
Экономикалық саясат экономиканың шикізаттық емес саласын дамытуды ынталандыруға, ең алдымен экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының инновациялық қызметіне, қолайлы инвестициялық ахуалын құруға, жеке инвестицияларды ынталандыруға бағытталатын болады. Мемлекеттік органдардың лицензиялық-рұқсат беру жүйесін және бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру арқылы бизнес-ахуалын жақсарту бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Мемлекеттік бюджет сияқты, республикалық бюджет тапшылығында болжамданған ЖІӨ қатысты қысқарту жоспарлануда, 2012 жылы 2,6 пайыздан 2014 жылы 1,3 пайызға дейін немесе 758,5 млрд. теңгеден 460,2 млрд.теңгеге дейін.
Елбасы берген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында 2012-2014 жылдары бюджет шығыстары саясатының негізгі басымдықтары индустрияландыру бағдарламасын қаржыландыру, әлеуметтік саланы жаңғырту, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, мемлекеттік қызмет сапасын көтеру, сондай-ақ өсу нүктелерін қалыптастыру (инфрақұрылымдарды, әлеуметтік салаларды дамыту және Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту арқылы аймақтардың бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда) болып табылады.
Берілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттік инвестициялар басымдықтары тізбесі қалыптастырылды. 2012 ж. 1066,1 млрд. теңге, в 2013 ж. - 866,1 млрд. теңге, ал 2014 ж. - 707,4 млрд. теңге қаражат бөлу қарастырылып отыр.
Әлемдік экономикадағы жағдайдың өзгеруін есепке ала отырып, орта мерзімді келешекте Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкес, 8 млрд. АҚШ доллары көлемінде кепілдендірілген трасфертті шектеу арқылы Ұлттық қорда қаржы қаражаттарын жинақтау саясаты жалғасатын болады. Ұлттық қордың активтері 2015 жылға дейін 72,5 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі қажет, бұл ЖІӨ-нің 30,4%-нан кем емес бөлігін құрайды. Осыған байланысты 2012-2014 жылдары Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт 1200,0 млрд. теңге көлемінде жоспарланған.
Отырыс барысында Қ.Келімбетов ұсынған «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2012 - 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заң жобасы бірауыздан мақұлданды.
Сонымен қатар, отырыс барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев ұсынған «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы талқыланып, қабылданды. Еліміздің макроэкономикалық дамуының базалық сценарийі негізінде 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің мынадай өлшемдері қалыптастырылды: 2012 жылы - 4751 млрд. теңгені (2011 жылдың бюджетіне 502 млрд. теңгеге өсе отырып), - 2013 жылы -5031 млрд. теңгені (280 млрд. теңгеге өсе отырып), 2014 жылы - 5424 млрд. теңгені (387 млрд. теңгеге өсе отырып) құрайды.
2012 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің болжамы (трансферттердің түсімін есепке алмағанда) ағымдағы жыл түсімдерін бағалаудан 274 млрд. теңгеге арта отырып, 3310 млрд. теңге сомасында анықталды. 2012 жылғы республикалық бюджет кірістерінде салық түсімдері анағұрлым көп үлес салмаққа ие (97,3 %). 2012 жылғы салық түсімдерінде елеулі үлес корпоративтік табыс салығы бойынша (37,5%) және қосылған құн салығы бойынша (30,3 %) түсімдерге келеді.
2012 жылы әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар 134 млрд. теңгеге (12,5 пайызға ) өсе отырып, 1209 млрд.теңгені құрайды.
2012-2014 жылдары білім мен ғылымға жұмсалатын шығыстар 1 132млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2012 жылы - 365 млрд. теңге немесе 2011 жылдың жоспарлы көрсеткіштерінен 105 млрд. теңгеге жоғары.
2012-2014 жылдары денсаулық сақтау жүйесіне шығыстар 1303 млрд. теңгені, одан 2012 жылы 437 млрд. теңгені құрайды немесе ағымдағы жылға қарағанда 36 млрд. теңгеге өскен.
Мәдениет саласындағы шығыстардың жалпы сомасы 61 млрд. теңгені құрайды, одан 2012 жыл - 30,5 млрд. теңге, 2013 жыл - 17млрд. теңге, 2014 жылға - 13,5 млрд. теңге.
Отырыс барысында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары мақұлданды.
Бұдан басқа, отырыста Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевтың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара ықпалдастығы жөніндегі ұсыныстары мақұлданды.
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі
www.government.kz