Облыс әкімі Сергей Дьяченко Көкшетау қаласындағы Горький және Северная көшелеріндегі учаскелерін аралап көрді, жол жөңдеудегі атқарылып жатқан жұмыстардың жайымен танысты. Жұмыс сапарында облыс басшысы құрылысшылармен емін-еркін әңгімелесіп, жүргізіліп жатқан барлық жұмыстарды көзделген мерзімде аяқтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Облыс басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты модельдендірудің 2011-2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын жүзеге асыру бағытында биылғы жылы 14 тұрғын үйге жөңдеу жүргізіліп жатқан жұмыстарын аралап көрді.
Сол күні облыс басшысы Сергей Дьяченко Зеренді ауданындағы ЖШС «Айдарлы» және «Викторовское» ЖШС егін алқаптарындағы астықтың шығымының барысымен танысты.
Облыс басшысы жұмыс сапары барысында ауылдарды абаттандыру мәселелеріне басты назарын аударды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі