Облыс әкімі Сергей Дьяченко өткен бейсенбі күні кезекті жұмыс сапарымен Аршалы ауданында болып, Жібек жолы ауылында жаңадан пайдалануға берілген орта мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, ұстаздар мен оқушыларды 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтап, елімізде жас ұрпақтың келешегі үшін атқарылып жатқан жұмыстардың мән-маңызына тоқталды. Сонымен бірге, өңірдің әлеуметтік жағдайымен және егін орағының барысымен танысып, күзгі жиын-терін науқанын қысқа мерзімде, ұйымшылдықпен аяқтап шығудың басты міндеттерін белгілеп, пысықтады.Облыс әкімінің баспасөз қызметі