Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко кезекті жұмыс сапарымен Ерейментау ауданы мен Степногорск қаласында болды. Ерейментау аудандық мәслихатының кезектен тыс өткізілген отыз тоғызыншы сессиясына қатысып, бұған дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларын талдау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған Лашынтай Дүйсеновті осы ауданның әкімі қызметіне тағайындауға депутаттардың келісім беруін сұрады. Депутаттар жаңа әкімнің кандидатурасын толық қолдағаннан кейін облыс әкімі Сергей Дьяченко Л.Ж.Дүйсеновты Ерейментау ауданының әкімі етіп тағайындау жөніндегі өкімге қол қойды.Ерейментау аудандық мәс-лихатының депутаттарына ризашылығын білдіре келіп, облыс әкімі С.А.Дьяченко жаңа әкімнің және аудан активінің алдында тұрған міндеттерге тоқталды.
Өңірдің қазіргі әлеуметтік- экономикалық дамуы жаман болмағанымен, шешімін күтіп тұрған біраз мәселелер жинақталып қалды. Ұйымдасып, бір-бірімізді қолдап, сол мәселелерді шешуіміз керек. Ең әуелі орақты ойдағыдай өткізуге бар күш-мүмкіндік жұмылдырылсын. Сонан соң аудан орталығынның және елді мекендердің қысқы жылу беру маусымына тиянақты әзірленуін қамтамасыз етуіміз қажет. Алдағы күзгі және қысқы жылу беру маусымын ойдағыдай өткізу үшін біздің тарапымыздан да біраз көмек көрсетілді. Енді соны тиімді пайдалануымыз керек,-деп ерейментаулықтарға сәттілік тіледі.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко Степногорск қаласында болған сапарында осындағы бірқатар ірі кәсіпорындардың бүгінгі жұмысына назар аударды. Облысымыздың ірі өндіріс орталығы саналатын бұл қалада тұтастай Ақмола өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі ықпалын тигізетін өн-діріс орындары аз емес. Сергей Дьяченко сондай-ақ, қаланың қысқы жылу беру маусымына дайындық мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жылу орталығының инженер-техник қызметкерлерімен және жұ-мысшыларымен кездесу барысында осыған қатысты әрбір жайға мұқият зер салуға кірісті. Әсіресе, қала басшылығымен бірлесе жұмыс істеп, жылу беруде өткен жылдың қордаланып қалған қарыздарын қайтару жөнінде үлкен әңгіме өрбіді. Өткен жылмен салыстырғанда биыл қысқа дайындық жұмыстарының қарқыны біршама жоғары болып отыр. Енді осы беттен таймай, жылу беру маусымына тыңғылықты әзірлік-пен келу керек. Бұдан кейін облыс әкімі Сергей Дьяченко қаланың бірқатар әлеуметтік нысандарында, атап айтқанда, мәдениет сарайы мен кітапханада да болып, осы мәдени-көпшілік орындардың жұмысымен де танысты. Облыс әкімінің баспасөз қызметі