Облыс әкімі С.А.Дьяченко алдымен, ат басын қала орталығындағы «Тамаша» моншасына бұрып, онда жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына баса назар аударды. Аталмыш нысан 1982 жылы салынып пайдалануға берілген, әрі осыдан үш жыл бұрын 85 миллион теңгеге толықтай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жуырда яғни, тамыз айында 1 миллион 300 мың теңге қаражат бөлініп, моншаның жылу қазандығы толығымен жаңартылған болатын. Моншада шаштараз, жуыну бөлмесі, дем алатын орын, киім ауыстыру, бу бөлмесі толығымен талапқа сай жабдықталған. Қазіргі кезде елдің әлеуметтік жағдайын есепке ала отырып, моншада қаламыздың 3 мыңға тарта зейнеткерлері мен тұрмысы төмен отбасыларына және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, барлығы 4 мың халыққа арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Бас инженер Наскен Жакиннің айтуынша, қазіргі кезде мазут бағасының қымбаттығы, әрі жеңіл-дікпен адамдарды қабылдау 13 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Сондықтан қаржылай қолдауды қажет етіп отыр. Облыс әкімі моншадағы бірқатар жөнге келтіретін орындарға көңіл бөліп, жаңарту жұмыстарын жасап, халыққа қолжетімді қызмет көрсете беруге міндеттеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі