Облыс әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен өткізілген аппарат кеңесінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенін-дегі Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының және Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының өткен сегіз айдағы жұмыс қорытындылары қаралып, облыс өңіріне қатысты басқа да өзекті мәселелер талқыланды.Аппарат кеңесін ашып, жүргізген облыс әкімі Сергей Дьяченко алдымен, жиналғандар-ға жаңадан болып өткен бірқатар кадрлық өзгерістер жөнінде айта келе, жаңа басшыларды таныстырды. Жуырда болып өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының шешімімен бұрын облыстық қаржы бақылау инспекциясының бастығы қызметін атқарған Мереке Мұстафин Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы болып тағайындалса, бұған дейін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет істеген Әлібек Баймағанбетов Ақмола аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін жетіл-діру орталығының директоры, Нұрлан Бе-
кенов Ақмола облыстық қаржы бақылау инспекциясының бастығы, Алмагүл Қадыралина Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша аймақаралық жер инспекциясы бастығының орынбасары болып таға-йындалды. Облыс әкімі жаңа қызметке таға-йындалған осы басшылардың өмірбаяндарымен таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Бұдан кейін кеңестің күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеніндегі Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының бастығы Жомарт Нүркенов есеп берді. Ол өткен сегіз айда инс-пекция ұжымымен атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, осының бәрін бағыт-бағыт бойынша саралап айтып берді. Соның ішінде облыс бойынша 5052 қара малдың бруцеллез жұқпалы ауруына шалдыққандығы, бұл қолда бар барлық малдың 3,1 пайызын ғана құрайтындығы бұрынғы жылдарға қарағанда әжептәуір ілгерілеушілік ретінде алға тартылды.
Дегенмен, Ерейментау және Қорғалжын аудандарында бұл көрсеткіш облыстық орташа көрсеткіштен үш-төрт есе жоғары болып шықты. Инспекцияның құзырына өсімдіктерді қорғау жұмыстарын да қадағалау міндеті кіреді. Осы тұрғыда биыл республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 516 миллион теңге қаржы бөлініп, көптеген егіншілік зиянкестері-не қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілген. Соның нәтижесінде егістік алқаптары мұндай зиянкестерден бірсыдырғы таза болып, мұның өзі астық шығымына да айтарлықтай игі әсерін тигізіп отыр.
Хабарламада элеваторлар мен астық қабылдау пункттеріне жаңа егіннің астығынан 2075 тонна бидайдың түскендігі де атап көрсетілді. Оны осы бастан дұрыс өңдеп, сақтаудың маңызы зор. Осындай шаралардың бір жағынан шығысып, елеулі жұмыстар атқарып отырған инспекцияның тарапынан кейбір мүлт кеткен олқылықтар да жоқ емес. Әсіресе, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен үйлесімді іс-қимыл әлі де жетіспейтін сияқты.
Бұдан әрі кеңесте Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бастығы Қанат Құлжановтың хабарламасы тыңдалды. Бұл инспекция әуе транспортынан басқа, барлық көлік құралдарын бақылаумен айналысады. Өткен сегіз айда мекеме тарапынан жол-көлік қозғалысы бойынша әртүрлі ережелерді бұзуға барған жекелеген жүргізушілерге 86 әкімшіліктік іс қозғалып, 500 мың теңгенің көлемінде айыппұл салынған.
Инспекцияда отыздан астам қызметкер істейтінін ескерсек, мұның өзі мардымсыз цифр екендігі көзге ұрып тұр. «Қойшы көп болса, қой арам өледі» дегендей, кейде облыс жолдарындағы кем-кетікті тәртіпке келтіруде осы инспекция мен мемлекеттік автоинс-пекцияның, облыстық жолаушылар тасымалдау жөніндегі басқарманың бір-біріне сілтейтін кездері де кездесіп қалуда.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко кеңес барысында осындай жағдайлардың бәрін ой елегінен өткізіп, әрбір басшы орынды іске жанашырлық танытуға шақырды. Облыс егін орағын жүргізуде басқа облыстардан кешеуілдеп отыр. Өсірілген астықты шашпай-төкпей сақтауда да мәселелер туындауда. Президенттің бастамасымен қолға алынған барлық бағдарламалар мен кешенді жоспарлар уақытында жүзеге асырылуы тиіс.
Жыл аяғына дейін қолда бар қаржы толық игерілсін. Қысқа дайындық жалпы алғанда жаман емес. Тек, Щучинск, Макинск, Есіл қалаларында ғана белгілі бір проблемалар туындауда. Қыркүйектің 25-інде Көкшетау қаласының күні өткізілмекші. Соған байланысты осы айдың 17-сінде облыс орталығында сенбілік ұйымдастырып, қаланы тағы бір тәртіпке келтірмей болмайды. Ал, айдың аяғына қарай коммуналдық базар ашылуы тиіс.
- Биыл облыстың еліміз бойынша жақсы деңгейден көрінуге барлық мүмкіндігі бар. Өткен жылы өкінішке орай, олай болмай шығып, облыстар рейтингісінің соңғы жағынан орын алдық. Ал, 2011 жылғы негізгі көрсеткіш-терді алып қарасақ, жағдай былтырғыдан
көш ілгері. Сондықтан, жыл аяғына дейінгі қалған уақытта босаңсымай, олқы тұстарымызды алға апарып, қол жеткенді баянды ете түсуіміз керек. Бір сөзбен айтқанда, осыған күш салып, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты табыстармен қарсы алу басты парыз. Бұл үшін әр басшы өз міндетін біліп, жүктелген істі жоғары жауапкершілікпен ат-қармаса болмайды,- деп түйіндеді өз сөзін облыс әкімі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі