Кеше облыс әкімі Сергей Дьяченко кезекті жұмыс сапарымен Шортанды ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандар мен шаруашылықтарды аралап, елді мекендерді көркейтіп, таза ұстау, қысқы жылу беру маусымына тыңғылықты дайындық жасап, азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мәселелеріне назар аударды, егін орағы жұмыс-тарының барысымен танысып, жауапты науқанды ұйымшылдықпен өткізудің және биылғы жылдың басты міндеттерін іскерлікпен шешудің жолдары мен мүмкіндіктерін қарастырып, пысықтады.Облыс әкімі С.А.Дьяченко ең алдымен, аудан орталығындағы жаңадан жөнделіп, асфальт жамылғысы төселген бас алаңға ат басын тіреп, атқарылған жұмыстың сапасына көңіл бөлді. Аудан әкімі Саят Қамзебаев облыс басшысына жалпы тазалық айлығы барысында атқарылған жұмыстардың жай-жапсарынан қысқаша ақпар берді. Биылғы жазда аудан орталығында 2 көшенің жолдары толық жөнделіп, 2,5 мың шаршы метр жерге асфальт жа-мылғысы төселіпті. Бұған жер-гілікті бюджеттен 12 миллион теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ, Шортанды-Дамса бағыты бойындағы жолдың 5 шақырымы, Бозайғыр-Ключи бағытындағы жолдың да 2 шақырымына ағымдағы жөн-деу жүргізіліпті. Аудан орталығы - Шортанды кенті мен Дамса, Жолымбет поселкелерінің көшелері жарықтандырылған.
Осыдан кейін өңір басшысы осындағы «Әділ» азық-түлік дүкеніне кіріп, дүкеншілермен, тұтынушы жұртшылықпен ашық-жарқын пі-кірлесті. Сөрелердегі тауарлардың бағасын көріп, сапасына назар аударып, қайдан жеткізілетіндігін сұрап білді. Аудан орталығында орналасқан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болған кезінде облыс басшысы ауылдың спорттық ұстаханасында қолға алынып жатқан жұмыстармен жете танысты. Балғын спортшылармен болған әң-гіме барысында спорт пен дене тәрбиесін дамытып, әсіресе ұлттық спорт түрлеріне баса көңіл бөлу керектігін спорт мектебі басшылығының қаперіне салды.
Білікті басшы Федор Мут жетекшілік ететін «Петровский» ЖШС-інің егінжай алқабында орақ науқаны қызу қарқын алған. Бүгінге дейін 22309 гектар егінжай алқабының 10 мың гектарға жуығы орылып, бастырылған. Өнім түсімі әр гектардан 14 центнерден айналуда. Біз келіп тоқтаған №3 бригадада
4 шетелдік «CLAAS» ком-байндары жұмысты өндіртіп жүр. 3 тіркемені тіркеген 2
«К-700» қуатты тракторлары орылған астықты қырман басына толассыз тасымалдауда. Осы жайлардың бәрін баяндай келе серіктестік басшысы науқанды белгілен-ген мерзімде аяқтап шығамыз деген нық байламын айт-ты. Тек ауа райы диқандар-ға оң қабақ танытса болғаны.
Сондай-ақ, әкім ат басын арнайы бұрған «Октябрьский», «Новокубанка», «Аралтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде де жауапты науқан ілкімді жүргізілуде. Мәселен, новокубанкалықтар егінжай алқабының 3000 гектардан астамын орып, бастырса, «Арал-Төбе» ЖШС-нің диқандары 9 мың гектарға жуық алқаптың егінін орып, бастырған. Мұны жалпы атқарылған жұмыстардың 50 па-йызы деуге болады. Науқанның жаңа басталғанын ескерсек, жұмысты белгінген межеде аяқтап шығуға мүмкіндік бар. Бір байқағанымыз, гектар берекесі «Октябрьский» шаруашылығының егінжай алқабында екен. Мұнда әр гектардан 16-17 центнерден айналуда. Серіктестік басшысы Александр Муттың айтуынша, агротехникалық шаралар-ға сай, сапалы бапталған ал-қаптардан мұнан да жоғары өнімге қол жеткізуге болады. Ол танаптарға таяу күндерде орақ салынады. Ал, «Новокубанка» серіктестігінің орталық қырманы биылғы жылдың 9 мың тонна астығын қабылдауға әзір.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Сергей Дьяченко Шортанды кентіндегі күр-делі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға беруге әзір тұрған Мәдениет үйінде, №2 орта мектеп ғимаратында, орталықтағы жылу беретін қазандықта болды. Кейінгі жылдары жөндеу көрмеген мәде-ниет үйінің іші-сырты бірдей жаңарып, сыңғырлап тұр. Осы іспен мамыр айынан бері айналысып жатқан «Асқар тау» ЖШС-нің құрылысшылары ғимараттың көше жақ бетін жөндеп, бітіріп қалған екен. Жөндеу жұмыстарына 16 адам қатыстырылуда. Ғимараттың ішіндегі би залы, бар қазірдің өзінде келушелерді қабылдауға әзір. Серіктестіктің аға прорабы Болат Сәтбаевтың айтуынша, құрылыс жұмыстары енді бір аптадан соң толық аяқталады. Осы ауқымдағы жұмыстарға жергілікті бюджеттен 22 миллион теңге қаражат бөлінген.
Сондай-ақ, сонау 1950 жылдары салынып, кейінгі 25 жылдан бері жөндеу көрмеген №2 мектеп ғимаратының да сәні кіріп қалғанға ұқсайды. Ал, орталық жылу қазандығының екеуі жаңартылып, қысқа әзір тұр. Осының бәрін өз көзімен көріп, жағдайды пайымдаған облыс басшысы атқарылған істерге көңілі толғандығын жасырмады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі