Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченконың 2011 жылдың 23 қыркүйегіндегі өкімімен, депутаттардың ауданның жаңа әкімін тағайындауға келісім бергені туралы Есіл аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының шешімі негізінде Қали Сұлтанахметұлы Рахметов Есіл ауданның әкімі болып тағайндалды.Қали Сұлтанахметұлы Рахметов 1961 жылы Ақмола облысының Есіл ауданындағы Ковыльный станциясында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын экономист ұйымдастырушы мамандығы бойынша Торғай облысы Есіл ауданындағы «Жаныспай» кеңшарында
тракторшы, бригадирдың көмекшісі болып бастады. Одан әрі Есіл аудандық қаржы бөлімінің инспекторы, аға экономисі Есіл аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы болды. Есіл ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының бастығы, Есіл ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің төрағасы, Алматы қалалық салық департаментінің Бостандық ауданы бойынша салық басқармасының бастығы болып қызмет атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қостанай облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары болып істеді.
Сол күні облыс әкімі Сергей Дьяченко Жарқайың аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмысына қатысты, аудан әкімі Аманбек Қалжанов атқарылып жатқан жұмыстарының барысымен танысып, қысқаша ақпарат берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі