Осы сенбі күні облыс әкімі Сергей Дьяченко кезекті жұмыс сапарымен Бұланды ауданында болып, аудан орталығы Макинск қаласында жаңа астық қабылдау кәсіпорынның салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, осы жобаны қысқа мерзімде іске асырған «Арна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары мен ұжым мүшелерін құттықтап, ризашылығын білдірді. Облыс әкімі Сергей Дьяченко өз сөзінде жаңа кәсіпорынның пайдалануға берілуімен Бұланды ауданының диқандары енді астық сақтайтын орыннан тапшылық көрмейтін ерекше атап өтті. «Арна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құны 518 миллион теңге тұратын осы жобаны қысқа мерзім ішінде жүзеге асырды. Астық қабылдайтын орын салуға жұмсалған қаржының 77,9 миллион теңгесі кәсіпорынның өз қаржысы. «Логос Трейд» компаниясының құрамына кіретін серіктестіктің егістік жері де бар. Компания алдағы уақытта элеватор салуды да жоспарлап отыр.
Жаңадан ашылған астық қабылдау кәсіпорны екі қабатты әкімшілік ғимараты мен үш астық кептіретін өндірістік алаңдардан тұрады. Бес мыңға жуық шаршы метр алаңға асфальт жамылғы төселген. Олардың айлық жалақысы да біршама жоғары.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі