Бүгін Ақмола облыстық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясы болып өтті. Сессияда облыс әкімі Сергей Дьяченконың «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есебі тыңдалды. Сессияның күн тәртібінде сондай-ақ, Астана қаласы мен Ақмола облысының шекараларын өзгерту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу, Ақмола облысы бойынша тексеру комисисясы мүшелерін тағайындау туралы бірқатар мәселелер қаралып, талқыланды. Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы сапарбек Тұяқбаев қатысты.Облыс әкімінің баспасөз қызметі