Кеңеске ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев, Ақтөбе, Қызылорда, ОҚ, Жамбыл, Алматы облыстарының әкімдіктері және ҚТЖ өкілдері қатысты.ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Шөкеевтің ККМ, ҚМ, ЭДСМ, ӘМ, МГМ, ЖРБА, Ақтөбе, Қызылорда, ОҚ, Жамбыл, Алматы облыстарының әкімдіктері және ҚТЖ өкілдерінің қатысуымен өтккізген селекторлық кеңесінде ҚР Көлік және коммуникация министрі Б.Камалиев «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының іске асырылу мәселелері жайында есеп берді.
Анықтама: Қазірігі уақытта жоба бойынша құрылыс жұмыстары Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ұзақтығы 1 715 км 34 учаскеде жүргізілуде. Жобада 23 бас мердігер және 80 еншілес мердігер ұйымдары, 35 мыңнан астам адам жұмыс атқаруда, 6 мың техника, 30 асфальт-бетон, 24 цемент-бетон зауыттары және 32 уатқын құрылғы жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстары негізінен кестеге сай жүргізілуде. Бүгінгі күнге 19,2 млн. куб м жер төсемі (жылдық жоспардың 74% ), 550 км шағылтас негізі салынған (75%), 522 км жол төсемі (70%), оның ішінде 135 км цемент-бетон (68%) төселген.
Кеңес қорытынды бойынша ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Ө.Е.Шөкеев бірқатар тапсымалар берді, оның ішінде көлік жіне коммуникация министрлігіне мердігерлік келісім-шарттар шеңберінде жұмыс жүргізу кестесінен қалып қойған мердігерлік компанияларға өтімді шаралар қолдануды; мұнай және газ министрлігіне «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыруға қажетті ЖЖМ-ға (дизельдік отын) квота бөлу мәселесін қарастыруды; көлік және коммуникация министрлігіне және облыс әкімдіктеріне жер телімдерін сатып алу жұмыстарын ширатуды тапсырды.
ҚазАқпарат