Демалыс күндері облыс әкімі Сергей Дьяченко кезекті жұмыс сапарымен Бурабай, Бұланды, Ақкөл және Шортанды аудандарында болып, қысқы жылу беру маусымына дайындықтың, азық-түлік өнімдері бағасын тұрақтандырудың жай-жапсарымен танысты, жол құрылысы, елді мекендерді абаттандыру, еттік бағыттағы мал шаруашылығын дамыту және әлеуметтік нысандардың жұмысын жетілдіріп, қарт адамдарға қамқорлық таныту мәселелеріне баса көңіл бөліп, осы бағытта алда тұрған міндеттерді пысықтады.Облыс басшысы ең алдымен, Щучинск қаласындағы жылу қазандығына ат басын тіреді. Қаланы жылумен қамтамасыз ететін қазандық қысқы маусымға әлі толық дайын емес. Қазандықтан жылу алатын 40 көп пәтерлі тұрғын үйдің 23-і ғана жылу жүйесіне қосылған. Аудан әкімі Владимир Балахонцев облыс басшысын қалған үйлер таяудағы екі-үш күннің ішінде жылу жүйесіне қосылады деп сендірді. Облыс әкімі сондай-ақ, қала тұрғындары үшін ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы та-уарларын сату жәрмеңкесінің жайына да назар аударды. Мұнда азық-түлік өнімдеріне арнап арнайы сөрелер орнатылмағандықтан, ол жерге қойылып сатылуда. Облыс басшысы биылғы жылдың 1 шілдесінде пайдалануға берілуге тиісті деп жоспарланған Щучинск қаласын айналып өтетін айналма жолдың әлі күнге дейін жүргізіліп жатқанын да атап өтіп, сынға алды.
Облыс әкімі Сергей Дьячекно Бұланды ауданындағы жұмыс сапарын сыйымдылығы 3,5 мың тонналық көкөніс сақтайтын қойманы көруден бастады. Бұдан кейін қаланы жылумен қамтамасыз ететін қазындықтың жұмысына назар аударды. Қазір қазандық толық қуатында жұмыс істеп тұр. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар толық жылу жүйесіне қосылған.
Облыс басшысы Ақкөл ауданындағы «SC Food» серіктестігінің ет бағытындағы асыл тұқымды мал өсіретін кешенінде болып, шаруашылық басшысымен атқарылып жатқан жұмыс жайында әңгімелесті. Таяу күндерде серіктестік Австралиядан 12 мың бас асыл тұқымды мал сатып әкелмекші. Мұнда жұмысшылар үшін қажетті жағдайлардың бәрі жасалған. Асхана,
жуынатын, демалатын орындар бар.
Шортанды ауданында медициналық-әлеуметтік мекемеде болған облыс басшысы осында тұрып жатқан 34 қарт адамның хал-жағдайын сұрап білді. Мұнда олар үшін барлық жағдайлар жасалған. Осы сапарында облыс әкімі С.Дьяченко осы мекемеге кір жуғаш машинаны сыйға тартты. Қариялар өңір басшысына өздеріне мемлекет тарапынан жасалып жатқан осындай қамқорлық үшін зор алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.