Бүгін еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 2012 жылы маусымда Бразилияда өтетін БҰҰ «Рио+20» Дүниежүзілік саммитіне дайындық мәселелері талқыланған Орнықты даму жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Сондай-ақ, отырыс барысында 2050 жылға дейінгі көміртекті шығаруды азайта отырып дамыту тұжырымдамасына көшу және климаттың өзгерістеріне бейімделу мәселелері қаралды. «Орнықты даму жөніндегі кеңестің отырысын өткіздім»,-деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-дегі шағын парақшасында.
Келесі жылы маусымда Рио-де-Жанейрода өтетін мемлекет басшылары саммитінің негізгі тақырыптарының бірі - орнықты даму негізінде «жасыл» экономикаға көшу.
2011 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында сөйлеген сөзінде Рио+20 конференциясында ғаламдық энергиялық-экологиялық стратегияны және «Жасыл көпір» астаналық бастамасын талқылауды ұсынды.
Бағдарлама түрлі саяси құрылымдары және экономикалық даму деңгейі бар елдерде «жасыл» инвестициялық жобаларды енгізуге бағытталған. Бағдарлама шекаралас экожүйелерді сақтау және қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Қазақстанда бұл - Арал және Каспий теңіздерінің, Балхаш өзенінің бассейндері.
Саммиттің күн тәртібіне қазақстандық бастамаларды енгізу үшін ұлттық ұсынысты қалыптастыру қажет.
«Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Рио+20 конференциясына дайындығы бойынша іс-шаралар жоспары жобасын және ұлттық ұсыныстар тұжырымдамасын әзірледі»,-деді Н.Әшім.
Отырыс барысында 2050 жылға дейінгі көміртекті шығаруды азайта отырып дамыту тұжырымдамасына көшу және климаттың өзгерістеріне бейімделу мәселелері қаралды.
Тұжырымдаманың мақсаты еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей ауаға таралатын газдың ұлттық деңгейін төмендетуді қамтамасыз ету және халықтың тұрмыс деңгейін дамыған елдер стандарттарына дейін арттыру болып табылады.
«Осы шараларды қабылдау ауаға таралатын газ шығарындыларын азайтуды, өндіріс шығындарын төмендетуді, сондай-ақ ресурстарды үнемдеуді және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді»,- деп мәлімдеді қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Руслан Бөлтіріков.
2009 жылғы 4 қарашада Барселонда Қазақстан 2020 жылға қарай ауаға таралатын газ шығарындыларын 15 % және 1992 жылғы базалық көрсеткіштен 2050 жылға қарай 25 % төмендету ниетін жариялаған болатын.
Кеңеске қатысушылар тұжырымдаманың жобаларын талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов өкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.
Толық мәліметті www.pm.kz сайтынан алып, оқуларыңызға болады.