Облыс әкімі Сергей Дьяченко кезекті жұмыс сапарымен Егіндікөл және Астрахан аудандарында болып, өзінің шешуші сәтіне ойысқан егін орағы науқанының барысымен танысты. Первомай ауылында жаңа бала бақшаның ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі, елді мекендердің тазалығы мен халықтың тұрмыстық жағдайына назар аударып, мәреге жақындап қалған биылғы жылды табысты қорытындылау орайындағы жаңа міндеттерді белгілеп, пысықтады.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко 378 тұрғыны бар Ұзынкөл ауылында 2007 жылы желтоқсанда құрылған «Ушаково - агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік нысандарын аралап көрді. Қырманға келгенімізде егін алқабынан тасымал-данған астық өңделіп жатты. Шаруашылық диқандары 18 мың гектар алқаптың әр гектарынан 11 центнерден өнім жиналған екен. Шаруашылықта 82 адам жұмыс істейді. Орташа айлық еңбекақы 35-45 мың теңгені құрайды. Мұнда кеңес заманындағы наубайхананы сақтап қалып, тәулігіне 250 бөлке нан пісіреді. Жалпы бұл округте 32 шағын шаруа қожалығы, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, 9 дүкен, 40 орындық қоғамдық монша, шаштараз жұмыс істейді. Ұзынкөл ауылдық округіне 248 тұрғын тұратын Тоғанас ауылы қарайды. Ұзынкөл ауылында аралас тілдерде оқытатын орта мектеп, Тоғанас ауылында негізгі мектеп жұмыс істейді. Сәтін салса, 140 орындық екі қабатты бала- бақша ғимаратының аяқталмаған құрылысы жанданбақшы. Облыс әкімі Сергей Дьяченко ауыл тұрғындарымен емін-еркін әңгімелесіп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын сұрап білді.
Бүгінгі күні 1977 жылы салынған дәрігерлік амбулаторияның ғимараты ескірген. Жаңа ғимарат салу «Жол картасы» бағдарламасына енген екен. 320 орындық қос тілде оқытатын бұл мектепте қазір 82 оқушы білім алуда. Ұзынкөлдегі мектеп көп жылдардан бері күрделі жөндеу көрмеген. Осы мектептен басқа Егіндікөл ауданының өзге мектептерінің барлығында күрделі жөндеу жұмыстары жүр-гізіліпті. Облыс әкімі Сергей Дьяченко дипломмен ауылға келген жас мұғалімдермен әңгімелесіп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын сұрап білді. Жас мұғалімдерге жан-жақты жағдай жасалып, серіктестік басшысы әрқайсысына пәтер бөлген.
Өңір басшысы 46 мың гектар егін алқабы бар «Целина Агро» жауапкершілігі шектеулі се-ріктестігінің егін алқабында болып, дала жұмыс-тарының барысымен танысты. Шаруашылық 40 мың гектар егін алқабының астығын жинап алған. Гектарынан 16-17 центнер өнім алынатын бағалы сорттарға шаруа қожалықтары ертерек тапсырыс берген көрінеді. Тұқым әзірлейтін шаруашылықтан астық Егіндікөл элеваторы қабылдамағандықтан, 70 мың тонна астық қабылдай алатын Макинск элеваторына тасымалданады. Әзірше 26 мың тонна астық тасымалданған. Қоймаларға 30 мың тонна астық құйылыпты. 5 мың тонна астық ашық аспан астында жатыр.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко 26 мың гектар егін алқабы бар «Армавирский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, егін алқаптарын аралап көрді. Өңір басшысы Егіндікөл элеваторында болып, астықтың сақталуы жөнінде сұрап білді. Бұдан кейін өңір басшысы «СХП Шевородиново компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дала жұмыстарымен та-нысты.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко Астрахан ауданындағы Валерий Пельцер басқаратын «Фермер 2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысына оң бағасын берді. Одан әрі Лозовой селосындағы өндірістік базаны аралап көрді. Мұнда жаңа салынған астық қоймаларында 22 мың тонна астық сақталады. Шаруашылық басшысы биыл арпаның жақсы шыққанын, оның 20 мың тоннасын сатқандарын, арпаның орнына күнбағыс өнімін сақтайтындарын атап өтті.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко Первомайка селосындағы 80 орындық «Балдырған» бала бақшасының ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, облыс бойынша мектепке дейінгі балдырғандардың балабақшамен
64 пайызға қамтылғанын атап өтті. Селоның құрметті ақсақалы Кеңшілік Қасымов екеуі бала-бақшаның көк лентасын қиып, бөлмелерін аралап көрді. Бұдан кейін өңір басшысы Камышенка селосындағы Сергей Бибиков басқаратын мал шаруашылығының жаңа салынған кешенін аралап көрді. Жақын арада 400-ге жуық шет елдік асыл тұқымды ірі қара мал әкелінеді деп жоспарлануда. Осында соңғы үлгідегі қасапхана жұмыс істейді. Өңір басшысы Астрахан ауданында аудан орталығы мен селоларды абаттандыру бойынша атқарылған жұмыстар нәтижелеріне оң бағасын берді. Осы бағытта аудан әкімі Рәшит Әкімовтың барлық елді мекендерге қаражат бөлу жөніндегі бастамасын қолдады. Әсіресе, өңір басшысының Новочеркасский селосы келбетінің өзгергеніне көңілі толды. Жұмыс сапарының соңында Жалтыр элеваторында болған облыс әкімі Сергей Дьяченко әсіресе, биылғы мол астықтың сақталуына қатты алаңдаушылық білдіріп, жауапты орындарға тиісті тапсырмалар берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі