Бейсенбі күні Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко облысымызда жұмыс сапарымен болған Чехия Республикасы Парламентінің депутаттар палатасы ауыл шаруашылығы комитетінің төрағасы Павол Лукшаны және онымен бірге еріп келген делегация мүшелерін қабылдап, мәртебелі меймандармен жылы шырайлы жүздесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық және экономикалық байланыстарды одан әрі дамытып, нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырды.Бұл осы жолы құрамында Чехия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бедржих Копецкий, Комитет төрағасының орынбасарлары Ладислав Скопал, Павел Ковачик, Иржи Папеж және тағы басқа да мүшелері бар. Чехия делега-циясының біздің облысымызға бірінші рет атбасын бұруы емес. 2007 жылдың 12 қыр-күйегінде осы елдегі Карловы Вары аймағы мен Ақмола облысының арасында өңіраралық әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылған болатын. Ал, араға бір жыл салып Шортанды ауданындағы «Оқ-жетпес» сауықтыру орнында сол кездегі Ақмола облысының әкімі мен Чехияның Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі Бедржих Копецкий сауда-экономикалық, өндіріс-тік-шаруашылық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол қойған еді. Бүгінгі кездесу соның жалғасы іспетті. Кездесу барысында екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік сектор мен сауда-экономикалық мүмкіндіктер қаралды.
Кездесуде облыс әкімі Сергей Дьяченко Ақмола өңірінде аграрлы сала жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Осы жылы облыс диқандарының табысы толағай. Ауыл шаруашылығы мамандарының болжамы бойынша жалпы өнім 6,5 миллион тоннаны құрамақшы. Мал шаруашылығын дамыту, әсіресе ет, сүт өнімдерін дайындау, экспорттау бойынша да Ақмола облысына үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Сонымен қатар, кездесу барысында өндіріс саласындағы жетістіктер де айтылды. Елбасының үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Ақмола облысында құны 80 миллиард теңгеден астам қаражатқа жалпы саны 20 серпінді жоба жүзеге асырылып, жыл соңында құны 12 миллиард теңгені құрайтын тағы 14 кәсіпорынды іске қосу жоспарланған. Біздің мақсатымыз әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жағынан Қазақстанның үздік 5 облысы қатарынан көріну,-деді облыс әкімі Сергей Дьяченко.
Бүгінгі таңда Ақмола облысының Чехия елімен ішкі сауда айналымы 1 миллион АҚШ долларына теңесіп отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 56,3 пайызға көп. Осы ретте, тауар айналымы негізінен импорттық тауарлардың үлесіне тиесілі, олар арматура, электрлі трансформатор, автокөлік резиналары мен қосалқы бөлшектер.
Делегация басшысы Павол Лукша мырза Көкше жеріне келгеніне өте қуанышты екенін, мұндағы халықтың тұрмыс жағдайы жақсарып, қаланың қарқынды дамып келе жатқандығын жеткізді. «Қазақстанның мүмкіндігі мол. Барлық сала дамуда. Ал, Чехия Республикасы үдемелі дамытуға қажетті заманауи қондырғыларды ұсына алады. Ақмола облысында Президент бағдарламаларының іске асырылып келе жат-қанына да көз жеткіздік. Әсіресе, ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласын ерекше атап өтер едім. Бұл екеуі де ха-
лықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіші іспеттес,»-деді ол сөзінде.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко Еуропаның кіндігінде орналасқан Чехия сияқты мемлекетпен арадағы сауда экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайын екендігін мәлімдеді. Осы орайда ағымдағы жылдың желтоқсан айында Чехия мемлекетінің Карловар аймағына барып, екі ел өңірлерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі меморандумға қол қойылмақшы.
Кездесу соңында облыс әкімі Сергей Дьяченко мен Павол Лукша өзара естелік сыйлықтар алмасты. Содан соң, іс- сапармен келген қонақтар Бурабай ауданына атбасын бұ-рып, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын аралап, көрікті жерлерін тамашалап көрді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі