Облыс әкімі Сергей Дьяченко «Достар» мәдениет сарайында Рухани келісім күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысып, сөз сөйлеп, елімізде діни сенім мен тұрақтылықты нығайтуға белсене атсалысып жүрген бір топ дәстүрлі дін өкілдеріне алғыс хаттарын табыс етті.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 18-ші қазан Рухани келісім күні ре-тінде бекітілген болатын. «Бейбітшілік пен татулық - Қазақстан халқының басты байлығы» деп атап көрсеткен Елбасымыздың бұл күнді еліміздегі діни тұрақтылықтың бір нышаны ретінде ұлықтауы тектен тек емес. Биыл ел Тә-уелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңындағы осы айтулы оқиға біздің облысымызда да мерекелік іс-шаралармен атап өтілді.
Облыстық басқармалар мен ведомстволар басшылары, діни бірлестіктер мен этно-мәдени орталықтардың, үкі-меттік емес ұйымдардың жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыс-қан салтанатты жиналыста сөз алған облыс әкімі Сергей
Дьяченко ел егемендігінің жиырма жылдығы мемлекетіміздің тұрақтылығының, халықтар арасындағы достық пен татулықтың тарихы екенін атап өтті. Елімізде тұрып жатқан Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын түрлі ұлт өкілдерінің конфессияаралық және мәдени келісімін, достық қарым-қатынасын нығайтуға бағыт-талған жүйелі саясатымыз халықаралық қауымдастықта ерекше құрметке ие екендігін айтқан облыс әкімі жоғары мәдениет пен төзімділік қана ел бірлігін, ынтымағын сақтап қала алатынын тағы бір еске түсірді.
Түрлі ұлттар мен дін өкілдерінің бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүруге жағдай жасап, осылайша ұлт-аралық, дінаралық қатынастардың сақталуына жол ашып отырған біздің мемлекетіміз әлемнің кез-келген еліне үлгі бола алады. Жақында ғана қабылданған «Дін қызметі және діни бірлестіктер туралы» Заң көптеген Еуропа елдерімен салыстырғанда ел тұрғындарының демократиялық құ-қықтарын сақтай отырып жа-салғанына еш күмәніміз жоқ. Әрі оның дін өкілдерінің дін-аралық саясатқа деген көзқарастарын одан әрі нығайта түсетініне сенімдеміз, - деді облыс әкімі өз сөзінде.
Өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінен кейін ұлтаралық және конфессияаралық ке-лісімді нығайтуда, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беруде игі істерімен көзге түскен дәстүрлі дін өкілдеріне, сондай-ақ, діни экстремизмнің алдын алу және азаматтардың дін бос-тандығын қамтамасыз ету ора-йындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда белсенді сараптамалық топтың мүшелеріне облыс әкімінің алғыс хаттарын табыс етті. Бұдан кейін мерекелік іс-шара облыс көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі