Облыс әкімі Сергей Дьяченко «Достар» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон - эстафетасының жабылу салтанатына қатысып, сөз сөйлеп, осы маңызды шара барысында белсенділік танытқан бір топ жастар-ға алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар тапсырды.Жастар бағдарламасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, «Жас Отан» жастар қанаты және «Жасыл ел» республикалық штабы басшылық жасады. Жастар марафон-эстафетасының мақсаты - су нысандарының тазалығын, экология-лық жағдайды жақсартып, жас-тарды отансүйгіштік пен мәдениетке тәрбиелеу және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау сезімін қалыптастыру болып табылады. Өткізілген ак-циялардың арқасында көптеген өзен-көлдердің жағалаулары, ормандардың іші-сырты және елді мекендер мен олардың айналасы абаттандырылып, көгалдандырыла түсті. Осы еңбек маусымының салта-натты жабылу шарасына мара-фон-эстафетаға қатысқан облыс аудандары мен қалаларының жастары көптеп жиналды.
Жастар алдында сөз сөйлеген облыс әкімі Сергей Дьяченко «Еңбек аптасының 20 дү-бірі» ұранымен өткен еңбек акцияларына жоғары баға берді. Облыстық білім басқармасының басшылығымен өңірдегі мектептерде, лицейлер мен колледждерде 17173 мүшесі бар 786 отряд құрылып, жалпы аумағы 1273,85 шақырым өзен-көлдердің жағалаулары, 1341,3 гектар орман алқаптары күл-қоқыстан тазартылып, 19134 түп әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды.
Сондай-ақ, соғыс және еңбек ардагерлеріне жанды көмек көрсетіліп, «Таза аялдама», «Таза саябақ», «Таза ауыл-менің ауылым» акциялары өткізілді. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ескерт-кіштері, мәдени-тарихи, әлеуметтік және спорттық нысандар, түлектер бақтары абаттандырылды.
Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Жігер», Көкшетау экономика және менеджмент институтының «Самұрық», политехникалық колледждің «Политехник», Степногорк қаласындағы №13 кәсіптік лицейдің «Подшипник» студенттік құрылыс отрядтары жеті жылдан бері осы бағытта жемісті жұмыс істеп келеді. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Жасыл ел» экологиялық отрядтарымен бірлесіп, 700 гектардан аса алқаптарда орман шаруашылығы жұмыстарын атқарды. Облыстың егістік алқаптарында механикаландырған студенттік отрядтардың өкілдері жақсы жұмыс істеді. «Жұлдыз-2» отрядының мүшелері астық жинайтын комбайндарда еңбек етіп, жалпы мөлшері 17 мың тонна астық жинады. Бұл - 50 вагон астықпен пара-пар.
Салтанатты шарада Бурабай ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы, жас орманшы Шәмші Тайғарин, «Юность» педагогикалық отрядының мүшесі Әділ Төлегенов, «Политехник» студенттік құрылыс отрядының мүшесі Қымбат Мұханбетжанова сөз сөйлеп, өздерінің атқарған жұмыстары жөнінде жиналғандар алдында есеп берді.
Марафон-эстафетада 57 жас топ жарып, қараша айында туристік жолдамамен Астана қаласының көрікті жерлерін аралайтын болды. Олардың бәрі әсем тігілген спорттық
киімдермен қамтамасыз етілмекші. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде тұратын 36 марафон-эстафетаның жеңімпаздарына компьютерлер, сандық бейнекамералар мен фотоаппараттар табыс етіледі. 21 қыз-жігіт осы шарада облыс әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Ал, марафон-эстафета барысында ең үздік топ болып таныл-ған Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің «Қарағай» жасағы бас жүлдені жеңіп алды.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко туған елімізді көркейтуде жасампаз істердің үлгісін таныт-қан оқушы және студент жастар-ға алда да осындай бүкілхалықтық іс-шараларда алдыңғы лектен көрінулеріне тілектестік білдіріп, ел ертеңі жастардың бұл игі ұмтылысы ел тәуел-сіздігінің 20 жылдығына лайықты тарту болып табылатындығын ерекше атап көрсетті.
Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Облыс әкімінің баспасөз қызметі "Арқа ажары газетінің ақпаратынан"