1 қарашада, Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 28 заң жобасын әзірлеуді қарастыратын 2012 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының Жоспары талқыланды және мақұлданды.Үкімет отырысында «ҚР Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы», «ҚР Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2012-2013 жылдарға арналған болашақ жоспары туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулылар жобалары талқыланды және бекітілді.
Заң жобалау жұмыстары Жоспарының жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын, 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдар ұсыныстарын ескеріп әзірленді.
«Өткен жылдармен салыстырғанда заң жобаларының саны азайды. Мысалы, 2008 жылы олардың саны 68, 2009 жылы - 45, 2010 жылы - 42, 2011 жылы 35 құрады. Бұл заң жобалары тұжырымдамасы талаптарының күшейтілуімен және Әділет министрлігінің үйлестіру ролінің артуымен байланысты», - деп хабарлады Әділет министрінің орынбасары Д.Құсдәулетов.
Жоспарда 28 заң жобасын әзірлеу қарастырылған, оның 7-еуі жеке, 21 заңға өзгерістер енгізіледі.
2012 жылдың І жартыжылдығында Парламенттің қарауына 7 заң жобасын, ІІ жартыжылдықта - 21 заң жобасын енгізу жоспарлануда. Сонымен, ІІ жартыжылдықта Парламенттің қарауына шығындылығы көп және талқылау үшін көп уақытты қажет ететін заң жобаларын енгізу қарастырылып отыр.
Келесі жылы ҚР ЭДСМ Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді әзірлейді, ал Ауыл шаруашылығы министрлігі астық нарығын реттеу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді әзірлейді.
Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің және нормалардың құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал етуді жою мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар әзірлейді.
ҚР ККМ көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды ұсынады.
Сондай-ақ, келесі жылы ҚР ІІМ «ҚР ішкі істер органдары туралы» Заңның жаңа редакциясын таныстырады.
Үкімет қаулыларының орындалын бақылау Әділет министрлігіне жүктелді.
www.pm.kz