Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Отырыс барысында Кеңес мүшелері ««Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын (Халықтық ІРО) жүзеге асыру мәселелерін қарады, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылады.
Сондай-ақ Директорлар кеңесі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма мүшелігіне Рустам Жүрсіновтің кандидатурасын мақұлдады.
www.pm.kz