Бүгін облыс әкімі Сергей Дьяченко Көкшетау қаласында жаңадан пайдалануға берілген коммуналдық базарды аралап көріп жаңа сауда орнының жұмысымен танысты, сатушылармен және тұтынушылармен әңгіме барысында өңірде азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында қолға алнып жатқан игі шаралар туралы айта келе алдағы жылы мұндай базарлардың облыс орталығының әрбір шағын ауданында ашылатындығын атап көрсетті. Орталық базардың аумағында орналасқан жаңа коммуналдық базарды бас мердігер - «Стройтехсервис-Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төрт айдың ішінде салып, іске қосты. Бұл құрылыс тікелей облыс әкімінің өз бақылауында болды. Осы орайда, серіктестік директоры Қайрат Құрсабаев өз сөзінде күнделікті жұмыс барысында облыс, қала басшыларының өздеріне зор көмек-қолдау көрсеткендігін ерекше атап өтті. Осы араның сәнін келтіріп тұрған жаңа ғимаратты 80 сатушы жұмыспен қамтылып отыр. Бұрын олар базар аумағында далада сауда жасап келсе енді жылы орында барлық санитарлық талаптарға сай ғимарат ішінде өз жұмыстармен алаңсыз айналыса беретін болады.
Коммуналдық базардың өзге базарлардан бір артықшылығы мұнда азық-түлік бағасы әдеттегіден анағұрлым арзан. Мәселен, сиыр етінің бір келісі мың теңгеден, жылқы еті 1100 теңгеден сатылып жатыр. Жай базарда 250 теңге тұратын алманың бір келісін тұтынушылар 200 теңгеден алуда. Сол сияқты, өзге жеміс-жидек, көкініс түрлері, әр алуан сүт өнімдері де бағаларының төмендігімен жұрттың назарын осы жаққа жиі аудартуда.
Барлық жерде де тап-тұйнақтай тәртіп пен тазалық сезіледі. Сатушылардың біркелкі жұмыс киімдеріне дейін көңілден шығып, жаңа сауда орнының жайлылығы мен ерекшелігін бірден аңғарта түседі. Қазірдің өзінде осы базарға көздері үйреніп, күн құрғатпай келіп жатқан тұтынушылар қатары мол. Базар директоры Ерік Қабдулин сауда орнында бағаның қазіргіден көтерілмейтіндігін айтады. Өйткені, мүнда азық-түлік өнімдері өнім өндірушілерден ешбір делдалсыз тікелей келіп түседі. Бұл үшін жергілікті жерлердегі бірқатар серіктестермен және жеке тұлғалармен келісім-шарт жасалған. Ал, базардың өзінің сатушыларға туғызып отырған бір игілігі, жалға алған орын ақысы, зертханада көрсетілетін қызмет ақыларына дейін төмен.
Жаңа коммуналдық базардың бүгінгі аяқалысын жақсы бағалап, базар ішінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне шағын сұхбат берген облыс әкімі Сергей Дьяченко өңір басшысы ретінде өзі көптен ойлап жүрген бір проблеманың шешімін тапқандығына қанағаттандық сезімін білдірді. Енді күні кеше ғана күннің ыстық-суығында далада сауда жасап жүрген адамдар ондай қиындық көрмейді. Жаңа базарда күн сайын мониторинг жүргізіліп, бағаның көтерілмеуі қатаң бақыланып отырады. Мұнда халық өз жұмысын ғана біліп, алаңсыз сауда жасауына не қажеттің бәрі бар. Базар өнім сапасын қадағалап отыратын осы заманғы зертханалық құрал-жабдықтармен, таразы, тоңазытқыштармен толық жабдықталған. Әрине, жұмысы жақсы басталып, қала тұрғындарының көзайым қуанышына айналған сауда орнының алда осы бағыттан таймауы үшін әлі де көп жұмыстар керек. Осыны шағын базар басшылығына мұқият тапсырған облыс әкімі келесі жылы мұндай коммуналдық базарлар қаланың әрбәр шағын ауданында салынатындығымен де жиналғандарды қуантпай қоймады.
Иә, сонау тоқсаныншы жылдары жағдай қиындағанда, жұмыстың жоқтығынан орталық базардың маңайына сауда жасауға шығып, содан бері күн көрістерін осы жұмыстан айырып келе жатқанжандарға коммуналдық базарда мұндай қолайлы жағдайдың туғызылуы облыс, қала басшыларының халыққа деген қамқорлығының нақты бір айғағы десек артық емес. Олай болса, ел осы арзан базардың игілігін кқріп, көркейіп келе жатқан облыс орталығы одан әрі игі істермен таныла берсе екен дейміз.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі «Арқа ажары» газетінің ақпаратынан