Облыс әкімі Сергей Дьяченко «Достар» мәдениет сарайында Ұлттық валюта-теңге күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысып, банк қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап сөз сөйледі, сала бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізген бір топ қызметкерлерге құрметті алғыс хаттарын тапсырып, облыста атқарылып жатқан істерге зор ризашылығын білдірді. Салтанатты жиналыста облыстық басқарма және департамент басшылары мен қызмет өкілдері, банк қызметкерлерінің өкілдері, БАҚ өкілдері болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Ақмола филиалының директоры А.З.Оспанов теңгенің экономикаға қызмет ету жайында баяндама жасады.Салтанатты жиналыс соңы мерекелік концертке ұласты. Облыс әкімінің баспасөз қызметі