Бүгін облыс әкімі Сергей Дьяченконың төрағалығымен өткізілген мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның мәжілісінде ел рәміздерін құрметтеп, қастер тұту мәселелері байыпты әңгіме өзегіне айналды.Облыстық комиссияның бұл мәжілісі «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» 20 жұлдызды күні» іс-шараларының қарсаңында өтіп отыр. Бұл ауқымды шара 26 қараша күні «Менің Қазақстаным» тақырыбымен өтетін Мемлекеттік рәміздер күнінен бастау алмақшы.
Сөйтіп, бұл күн мемлекеттік рәміздеріміз - Елтаңбаға, Әнұран мен Көк байрағымызға және Ұлт көшбасшысына тағы бір бүкілхалықтық терең құрмет сезімімен ерекшелене түспек. Комиссия мүшелері, облыстық департаменттердің, басқармалар мен ведомстволардың, бірқатар аудандардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан мәжілісте Бурабай ауданының әкімі Владимир Балахонцев аудан әкім-дігінің мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөнінде атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді. Ауданда осы орайда, белгілі бір оң тәжірибе қалыптасқанымен, биыл жазда жүргізілген тексеріс 12 мекемеде мемлекеттік рәміздерді жаңарту және орналастыру жөнінен бірқатар кемшіліктерді анықтаған. Қазір бұл олқылықтар түзетілгендігін алға тарт-қан аудан әкімі жылда 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні бурабайлықтардың Көк байрағымызбен тау шыңына шығуы игі дәстүрге айналғандығын атап көрсетті. Дегенмен, қаланың өз ішінде биік тұғырда асқақтап тұрған мемлекеттік ту жоқ. Ал, осындай туды көрнекі жерге орнатып қойса, бұл да жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің бір жолы болар еді. Облыс әкімі Сергей Дьяченко Щучинск қаласы облыстың туристік бет-бейнесі екендігін айта келе, аудан әкіміне бұл жөнінде ойланып көруді тапсырды.
Бұдан әрі мәжілісте Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Серік Көшкенбаев та аудандағы мемлекеттік рәміз-дер жөніндегі комиссияның жұмысы туралы есеп берді. Бұл ауданда да 2 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, ескі мемлекеттік рәміздерді жаңаларына ауыстыру жұмыстары толық аяқталған көрінеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссияның алдағы 2012 жылға белгілеп отырған жұмыс жоспары да ауқымды. Бұл жөнінде жиналғандарды облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлжанар Шөкеева хабардар етті. Жыл ішінде үш ауданның, екі басқарма мен бір департаменттің мемлекеттік рәміздерді қолдану жөніндегі жұмыстары тексерілгелі отыр.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко комиссияда қаралған мәселелер бойынша жеке-жеке тоқталып, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Владимир Фелбелтке облыс орталығының бір көрнекі тұсында мемлекеттік туды орнату жөнінде ыңғайлы орын қарас-тыруға тапсырма берді. Сон-дай-ақ, өзінің мемлекетіміздің Әнұраны орындалғанда кө-біміздің оған қосылмайтындығымызды байқап жүргендігін айтып, Әнұранның сөзін жатқа біліп, бірге шырқау тұрғысында орынды пікірін білдірді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі