тәуелсіз жолдан кейінгі болашаққа көзқарас» инновациялық форумы барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.Еліміздің 2030 жылға дейінгі инновациялық дамуының бағдары әзірленіп жатыр.
Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіз жолдан кейінгі болашаққа көзқарас» инновациялық форумы барысында Үкімет басшысының орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
«Елбасының тапсырмасымен Үкімет «2030 жылға дейінгі инновациялық дамудың» жоспары әзірленіп жатыр. Алдағы жылы ол инноваторлардың жалпы қоғамының қарауына ұсынылатын болады»,-деді Үкімет басшысының орынбасары.
Ә. Исекешевтің пайымдауынша, бұл тұрғыда осы жоспар Қазақстанның инновациялық дамуына жаңа бағдарды ашуға жол бермек.
Форум жұмысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, бизнес және инновациялық ұйымдардың өкілдері мен бұл саладағы шетелдік мамандар қатысты.
Қазақстанда инноваторлар үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Бұл туралы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіз жолдан кейінгі болашаққа көзқарас» инновациялық форумы барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.
Үкімет басшысы инноваторлардың өзінің әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау тұрғысында әлемдік тәжірибе қалыптасқанына тоқталып өтті.
«Біздің мақсат - инновациялық жобаларды ойлап табуға қауқарлы адамдардың өздерінің мүмкіндіктерін іске асыруда барынша тиісті жағдай жасау. Себебі, ешқандай жарлықпен адамға инновациялық жаңалықтарды жүзеге асыруды мәжбүрлеу мүмкін емес. Менің пайымдауымша, біздің Президентіміздің басшылығымен елімізде барлығымыз бірлесіп осы басымдықтарды іске асыра аламыз»,-деп түйіндеді К. Мәсімов.
Ғылым мен инновация қатар жүретін екі негізгі басымдық. Бұл туралы инновациялық форумы барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.
Елбасы Алматыда өткен Қазақстан ғалымдарының форумында инновацияларды дамытуға екпін қойғанына тоқталған К. Мәсімов, «өткен аптада Үкіметке өте маңызды мақсат-міндет жүктелді. Қысқа мерзімде, яғни 1 ақпанға дейін арнайы бағдарламаны даярлау тапсырылды. Атап айтқанда ғылым мен инновация қатар жүретін екі басымдық»,-деді.
«Президент тапсырмасын 1 ақпанға дейін орындау үшін 2012 жылдағы бірінші Үкімет отырысын біз осы мәселеге арнаймыз»,-деді Прмьер-Министр.
Алматыда өткен Қазақстан ғалымдарының форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына «Бизнес және ғылым - 2020» Жол картасын әзірлеуді тапсырған еді. Жеке бизнестен ғылымға инвестиция тартуды қамтамасыз ету қажеттігін баса айтқан Мемлекет басшысы: «Дамыған елдерде ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың барлық көлемінің жартысынан көбі жеке сектордың еншісінде», - деп атап өтті.
Ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау өмірлік қажетті тиімді жүйе екенін баса айтқан Президент: «Үкіметке «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорымен бірлесіп, 2012 жылдың 1 ақпанына дейін «Бизнес және ғылым - 2020» Жол картасын әзірлеуді тапсырамын, онда біз бизнес-қоғамдастықтың ғылыми зерттеулерге қатысуын анықтаймыз», - деді.
ҚазАқпарат