Облыс әкімі Сергей Дьяченко кезекті жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болып, «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» аясындағы «Болашақ» күнінің шеңберінде Қабанбай батыр және Қосшы ауылдарындағы жаңа бала бақшаларының ашылу салтанатына қатысты, сондай-ақ, "Лесная поляна" тұрғын үй кешенінде үлескерлермен кездесіп, олардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді.
Жалпы, кейінгі уақыта облысымызда Елбасының тапсырмасымен қолға алынған "Балапан" бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырыла бастады. Целиноград ауданында да бұл мәселе өз шешімін тауып келеді. Республикалы бюджет қаржысына салынған Қабанбай батыр ауылындағы 320 орындық "Балауса" бала бақшасы жабдықталуы, әсемдігі жағынан Астана қаласындағы мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінен кем түспейді десек артық айтқандық болмас, сірә. Тимур Дәулетов басқаратын "ТМZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшылары құрылыс сапасына жете мән берген екен. Жалпы аумағы 4905 шаршы метр-ді, ал негізгі аумағы 3690 шаршы метрді алып жатқан бұл мекеме бүгінгі күннің өскелең талаптарына сай жабдықтал-ған. Қысқаша айтқанда, бүлдір-шіндер тәрбиесі үші қажетті жағдайлардың бәрі толық қамтамасыз етілген.
Мұнда 20 баладан 9 топ қа-зақ тілінде, ал 7 топ орыс тілінде тәрбиеленеді. Тағы бір назар аударарлық мәселе - ата-аналар бір бала үшін 5 мың теңге ғана төлейтін болады.
Облыс әкімі мұнан соң Қос-шы ауылында ашылған "Әми-на" бала бақшасының да ашылу салтанатына қаиысты. "Әмина-2011" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Есмағзам Қазгерейұлы Қожахметовтың жеке қаржысына салынған аталмыш мекеме де ауыл тұрғындарын, оның ішінде әсіресе жас отбасыларын қуанышқа бөледі. Мұнда ата-аналар бір бала үшін айына 14 мың теңге төлейді. Бұл әрине, Қабанбай батыр ауы-лындағы бала бақшасында-ғыға қарағанда біршама қымбат. Дегенмен, нарықтық қатынастар жағдайында жеке мен-шік иелерінің өз бағаларын қоюға құқығы бар екендігін ескерген абзал. Қалай болған күн-де де, бұл екі мекеменің ашылуы аудандағы мектеп жасына дейінгі балаларды бала бақшасымен қамту мәселесін шешумен қатар тұрғындары үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп отырғандығын ұмытуға болмайды.
-Бүгін ауыл тұрғындары үшін өте қуанышты күн,- деді бала бақшасының ашылу салтанатында облыс әкімі Сергей Дьяченко. - Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру тұрғысында біз облысымыздың барлық елді мекендерінде мектеп жасына дейінгі балала мекемелерін ашуды қолға алдық. Бұл тұрғыда бір кездері сатылып кеткен бала бақшасы ғимараттарын қайтарып алумен қатар, жаңадан салу да өз кезегімен жүзеге асуда. Оның айғағы ретінде Қабанбай батыр және Қосшы ауылындағы нысандарды айтуға болады. Бұл орайда Сіздердің аттарыңыздан құрылыстың бас мердігері - Тимур Дәулетов басқаратын "ТМZ" серіктестігіне ал-ғыс айтқым келеді. Аталмыш ұжым қысқа мерзімде, атап айтсақ, 2010 жылдың қыркүйек айы мен биылғы жылдың желтоқсан айы аралығында қажетті қондырғылармен то-лық жабдықталған әсем ғимарат салып берді. Республикалық бюджеттен осы құрылысқа бөлінген 484 миллион 742 мың теңге қаржы толық игерілді. Сондай-ақ, өз қаржысына бала бақшасын салған Есмағзам Қазгерейұлы Қожағметов сынды азаматтар көп болса деймін.
Жалпы Тәуелсіздік алған жылдан бастап Ақмола облысында барлығы 58 бала бақшасы ашылды. Жыл аяғына дейін тағы да 12 мектеп жасына дейінгі балалар мекемесін ашуды межелеп отырмыз.
Мұнан соң облыс әкімі Қосшы ауылы маңындағы "Лесная поляна" тұрғын үй кешенінде болып үлескерлермен кездесті. Астанаға серіктес қала ретінде құрылысы басталған бұл кешенде де біраз проблемалар туындағаны белгілі. Оның ішінде құрылыстың сапасы, тұрғын үйлердің уақытында пайдаланылуға берілмеуі сынды жағдайлар орын алған еді. Бұл тұрғыда әлі де болса шешімі табылмаған мәселелер баршылық.
Дегенмен, жиналғандар алдында есеп берген құрылыс басшылары үстіміздегі жылдың аяғына дейін жоспарлан-ған істің бәрі толық аяқталатындығына сендірді. Осындағы құрылыстың бас мердігері - "АльнсСтройИнвест" компания-сының бас директоры Ринат Найманов облыс әкіміне жыл аяғына дейін өз пәтерлерін күтіп отырған 1000 үлескердің өз пәтерлерінің кілтін алатындығы айтып, қажетті жұмыстардың толық аяқталатындығына уәде берді. Жалпы, аудан бо-йынша биыл барлығы 75434 шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілген. Бұл өткен жылдың осынша кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе көп. Алайда бұдан Целиноград ауданында құрылыс мәселесі ерекше қарқынмен дамып келеді деген ой туындамаса керек. Оның айғағы ретінде Президент тапсырмасымен қолға алынған "Лесная поляна" кешенінде туындаған кейбір қиындықтарды айтуға болады.
Сонымен, біраз дау-дамайға себепкер болған "Лесная полянадағы" проблемалар шешіледі деген үміт бар. Егер сөз бен істе алшақтыққа жол берілмесе, бұл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында үлескерлер үшін ең басты сыйлық болар еді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі