Желтоқсанның 9-ы күні елордадағы «Сарыарқа-Велотрек» спорт кешенінде өтіп жатқан Индустряландыру күні шеңберінде «Парыз-2011» конкурсының жеңімпаздары анықталып, оларды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова мен Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов марапаттады.
Сонымен «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымында «ҚазақТүрікМұнай» ЖШС, «Үздік ұжымдық шарт» аталымында «Крендель» кәсіпорны, «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымында «Абзал мен компания» серіктестігі, ал «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында «Кублей» ЖШС жеңімпаз болып танылды.
Сондай-ақ «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымында күміс парыз мүсіншесі «Норт Каспиан Оперейтинг Компании» және «Екі дос» компанияларына, «Үздік ұжымдық шарт» аталымында «Еуразия медициналық орталығы» мен «Шымкенттұрғынүйқұрылыс» ЖШС-леріне, «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымында «Трансэнерго» АҚ-ы мен «Орал -дизайн-стройсервис» ЖШС-не «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында «Қазфосфат» ЖШС мен «Әділ» шаруашылығына табысталды.
Ал «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымының күміс парыз мүсіншесі «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ мен «Құлан жолдары» ЖШС-не, «Үздік ұжымдық шарт» аталымында «Жезқазған электр тарату желілер компаниясы» АҚ мен «Әділ» серіктестігіне, «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымында «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ мен «Мәмбетов және компания» серіктестігіне, «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында «Семізбай-U» ЖШС мен «Гелиос» ЖШС-не берілді.
Ағымдағы жылы «Парыз-2011» байқауына қатысу үшін 610 кәсіпорын ниет танытқан болатын.
ҚазАқпарат