2011 жылғы 10 желтоқсанда Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында тағы да бір салынуы мәресіне жеткен инфрақұрылымдық жобаның тұсаукесері - аэродромның ұшу-қону жолағын (ҰҚЖ) тапсыру рәсімі болды. Жаңартылған аэродром қабылдаған алғашқы рейсті «Скат» әуекомпаниясының ұшағы орындады. Сол бортпен көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев қоса келді. Оны облыс әкімі Сергей Дьяченко, әуежай және ұшу-қону жолағын қайта салу жұмыстарын атқарған мердігерлік компаниялар басшылары қарсы алды. Анықтама: «Көкшетау қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын және аэровокзалды қайта салу» жобасын іске асыру 2010 жылы басталды. Аталған жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 8,3 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат есебінен 30 нысанды қайта салу, оның ішінде, ұшу-қону жолағы, аэровокзал, энергиямен қамтамасыз ету нысандары, ЖЖМ қоймасы, аэродромның қоршаулары, тазарту ғимараттары және т.б. жоспарланған. Жобаның бас мердігері - «Құлагер» ЖШС, жобаның авторы - «Казаэроект» РМК. Берік Камалиев өз сөзінде енді Көкшетау әуежайы іс жүзінде заманауи әуе кемелердің барлық түрлерін қабылдай алады. Бұл оған ИКАО-ның бірінші категориясын беруге мүмкіндік береді.
Келесі жылы аэровокзал ғимаратын қайта салу аяқталған соң министрлік Үкіметке Көкшетау қаласының әуежайына халықаралық дәреже беру жөнінде ұсыныс енгізеді.
Жалпы, бүгінгі күні республикамызда 20 әуежай жұмыс істеуде. Оның ішінде 15 әуежайға халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат етілген, ал 10 әуежай Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес келеді. Көкшетау қаласының әуежайы еліміздің он алтыншы халықаралық әуежайы болады.
Қазақстан 1992 жылдан бері ИКАО-ның мүшесі және осы халықаралық ұйымның стандарттары мен ұсыныстарын ұстану бойынша барлық шараларды іске асыруда.
Атап айтқанда, соңғы 5 жылда республикада 7 әуежайдың ұшу-қону жолақтарын және 5 жолаушы терминалын қайта салу жүргізілді.
Ағымдағы жылғы қарашаның аяғында ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті Мемлекетаралық авиациялық комитетімен (МАК) бірлесіп, Алматы қаласының аэродромына сертификация жүргізді. Оның нәтижесі бойынша тұман жиі болатын осы өңір үшін өзекті болып табылатын, көріну қашықтығы 75 метрге дейін әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік ашатын ІІІ-В ИКАО категориясы берілді.
Сонымен қатар, 2014 жылға дейін республикада тағы 11 әуежайда ұшу-қону жолақтарын, жолаушы және жүк терминалдарын қайта салу жоспарлануда, олардың ішінде Талдықорған, Семей, Қостанай, Орал, Тараз, Алматы, Атырау, Шымкент, Өскемен, Петропавл және Кендерлі қалалары бар.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі