Атап айтқанда, бұл медальмен еліміздің барша облыстары мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Президент әкімшілігінің басшысы А.Мусин, Премьер-Министр К.Мәсімов, Мемлекеттік хатшы Қ.Саудабаев, Жоғарғы сот төрағасы Б.Бекназаров, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының I-ші орынбасары Н.Нығматулин, Бас прокурор А.Дауылбаев, ҰҚК төрағасы Н.Әбіқаев марапатталды.Бүгін Ақорда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар адамдарға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдерін тапсырды. «Қазақстан бұл белеске тұғырлы әрі абыройлы ел ретінде зор табыстармен келгеніне осы күндері барша ақпарат құралдарынан көріп отырсыздар. Жасампаз 20 жыл тәуелсіз еліміздің жұлдызды жылнамасы болып табылады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. «Сіздердің тәуелсіздікке қосқан үлестеріңіз орасан зор, сондықтан мен бүгін сіздерге «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалін арнайы тапсырамын», - деді Н.Назарбаев. Атап айтқанда, бұл медальмен еліміздің барша облыстары мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Президент әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин, Премьер-Министр К. Мәсімов, Мемлекеттік хатшы Қ.Саудабаев, Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, Бас прокурор Асхат Дауылбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев, сондай-ақ басқа да лауазымды тұлғалар марапатталды. Мемлекет басшысы осы аталған азаматтар тәуелсіздік жылдарында іргелі істерді атқарғанын сондықтан бұл марапат есте қалатын 20 жылдыққа тағайындалғанын атап өтті.
ҚазАқпарат