Облыс әкімі Сергей Дьяченко кезекті жұмыс сапарымен Жарқайың, Есіл, Жақсы аудандарында болып, биылғы жылдың алғашқы қорытындыларын шығарып, алдағы жылдың жоспарларын пысықтаған актив жиналыстарын өткізді.
Кеңесте атқарған жұмыстарына есеп берген аудан әкімдері экономика мен әлеу-меттік салаларда қол жеткізген табыстары жөнінде атап өтіп, жаңа нысандар мен жаңа өндіріс орындары жайлы жан-жақты әңгімеледі. Облыс әкімі Жарқайың ауданында қалпына келтіріліп жатқан көп қабатты үйлердің жұмыстарымен танысты. Қазір тұрғын үй кезегінде 200 адам тұр. Үй пайдалануға берілген кезде кезекте тұрғандар саны азаяды. Өңір басшысы қоныстаушылармен кездесіп, тұрмыс жағдайларын сұрады. Жаңа пәтерлерімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, облыс басшысы коммуналдық кәсіп-орын мен жаңа әмбебап бу қазандығының жұмысын көрді.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко Есіл ауданында бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, құрылысы ұзаққа созылған 500 орындық мектептің аяқталғалы тұрған құрылыс барысымен танысты. Мердігерлер өңір басшысын барлық жұмыстар сапалы әрі уақытында орындалады деп сендірді. Бұдан кейін облыс басшысы бірінші қабатында сауда орталығы орналасқан жаңа мейманхана кешенін, орталық аудандық ауруханаға қосып салған ғимаратты аралап көрді. Өңір басшысы Жақсы ауданында тә-улігіне 250 тонна астық өңдейтін «Урожай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі диірмен кешенінің құрылыс барысымен танысып, асыл тұқымды 200 бас ірі қара мал бағып, күтетін ферманы, Бел-ағаш ауылындағы «Қарлығаш» бала бақшасын аралап көрді. Сапарының соңында Жаңа Қима ауылында су құбыры жүйесін іске қосуға және Белағаш ауылындағы қазіргі заманғы мәдени орталықтың ашылу салтанаттарына қатысты. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.